Сараптама • 23 Қаңтар, 2025
Иә, мен де алғаш рет қор нарығына аяқ басқанымда қорықтым. Ақшамды жоғалтып аламын деген үрей болды. Оның үстіне инвестиция тек ерлердің ісі, бай-қуатты адамдардың жұмысы деп ойлап алғаным тағы бар. Бірақ бұл миф екен! Бір жылдан артық тәжірибе жинақтағаннан кейін айтарым – әйел адамдар мықты инвестор бола алады, өйткені олар әр ұсақ-түйекке мән беріп, жан-жақты әрі озық ойлайды. Екінші миф те жойылды – қор нарығына кіру үшін сізге ақша толы шамаданның қажеті шамалы, бар болғаны екі шыныаяқ кофеге жұмсайтын тиын-тебен жетіп жатыр.
Экономика • 23 Қаңтар, 2025
Медициналық бұйым шығарудың шебері
Алатау қаласына қарасты Ынтымақ шағын ауданында орналасқан отандық кәсіпорындардың бірі «Dolce» зауытының жұмыс істеп келе жатқанына ширек ғасырдан асты. Зауыт – бір реттік медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды шығаратын ірі отандық өндіруші.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2025
Шымкенттегі аттракциондар саябағында өрт шықты
ТЖ қызметкерлері Шымкенттің Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылында орналасқан аттракциондар саябағындағы өртті сөндірді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 23 Қаңтар, 2025
Сәуле Шәуенова 2002 жылы кәсіпкерлікке аяқ басқан кезде тігінші де, тәжірибе де тапшы еді. Бірақ «Ютария» тігін цехы сол тұста әлі ешкім қолға ала қоймаған жұмыс киімдерін тігу бағытын ұстанды. Екіншіден, кірлеген киімдерді жуу, химиялық тазалау, бүлінген тұстарын қалпына келтіру тәрізді қызметтерді қоса ұсынды. Бұл қызметтерге ең алдымен «Қазақмыс» корпорациясы қызығушылық танытты. Өйткені цехтың ұсыныстары кен қазған кеншілерге де, сол кенді байытушыларға да, балқытушыларға да тиімді еді. Қызметтің мұндай тиімді түрлері тапсырысты күрт арттырды.
Маман • 23 Қаңтар, 2025
Өз ісінің шебері, майталман маман Сағындық Ақбаев теміржол саласында 1983 жылдан қазірге дейін табан аудармай еңбек етіп келеді. Қырық жылдан астам уақыттан бергі тынымсыз төккен тері, шеккен бейнеті, тәлімді тәжірибесінің нәтижесі ретінде былтыр «Үздік орындаушы» төсбелгісімен марапатталды.