Әдебиет • 24 Қаңтар, 2023
«Қызылтөбе деген жердің ұлымын»
«Қызылтөбе – сөнбейтін қызыл жалын,Қуанғаным, күлгенім, қызғанғаным.Қызылтөбе – мендегі қыршын жастық,Қызылтөбе – жүректе қызыл қаным...». Бұл қай Қызылтөбе дейсіз бе? Айтайын, Баян-Өлгей аймағындағы Қызылтөбе – ақын Имашхан Байбатырұлы туған ауыл. Ал жоғарыдағы төрт жол өлең ақынның «Қызылтөбе» атты жырының алғашқы шумағы.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2023
Егер оқырманын сүйіндіріп немесе күйіндіріп қоймаса, кезі келгенде, тіпті жирендіріп, ондайдан бойды аулақ саларға ойландырмаса әдебиет әдебиет, өлең өлең емес шығар. Жалпы, өнер атаулының бір міндеті адам жанын тәрбиелеу, рухын шынықтыруға бағышталатыны белгілі.
Сұхбат • 24 Қаңтар, 2023
Дәуренбек Сләмғали ән салса, бүкіл қазақ жұрты дидарын Ертіс даласына бұратындай. Әншілік өнері бабына келіп, бәйге біткеннің кез келген түрінен тайсалмайтын жас талант жуырда республиканың өнер саңлақтарын тамсантып қайтты. Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушылар конкурсында шашасына шаң жұқтырмаған жүйрік бас жүлдені қанжығасына байлап, Кереку ән мектебінің дүлдүлдері Жаяу Мұса мен Жарылғапберді Жұмабайұлының жолын жалғар сайыпқырандардың жаңа буыны өсіп келе жатқанын тағы бір айғақтады.
Өнер • 24 Қаңтар, 2023
Зеллер пьесасы және бүгінгі сахна
Француз драматургінің отбасы құндылығын биіктетуге үн қосқан спектаклі өз уақытында Парижде, Лондонда, Нью-Йоркте, Мәскеуде, Сиднейде, Гонконг театрларында қойылып, драматургияның ірі табысы ретінде бағаланып, күні бүгінге дейін режиссерлер қауымын қызықтырумен келеді екен. Әлемді адымдап жүріп қазақ елінің сахнасына да жеткен Флориан Зеллердің атақты пьесасының желісімен «Жан әке» атауын иеленіп, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры жарыққа шығарған бетте «жақсыны көрмекке» деп ағылған көрермендер қатарынан біз де орын алуға қамдандық.
Күрес • 24 Қаңтар, 2023
Ақпаннан бастап елімізде жазғы спорт түрлерінен республикалық VI спартакиаданың алауы тұтанады. Төрт жылда бір рет өтетін кешенді жарыс арқылы Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрлерінен Ұлттық құрамалар жасақталады. Яғни 2024 жылы Францияның бас шаһары – Парижде өтетін жазғы Олимпия ойындарының лицензиясы сарапқа салынатын халықаралық бәсекеге қатысатын спортшылар дәл осы Қазақстан спартакиадасы арқылы іріктеледі.