Жеңіл атлетика • 24 Қаңтар, 2023
Елорда төрінде тұңғыш рет ұйымдастырылған жеңіл атлетикадан «World Athletics Indoor Tour» санатындағы күміс деңгейлі «Astana Silver Grand Prix Meeting» додасы өз мәресіне жетті. 2016 жылы тұсауы кесілген желаяқтардың жарысын биыл ТМД елдері арасында бірінші болып Қазақстан астанасы қабылдағанын да айта кеткен жөн. Әлемге әйгілі «Гауһар лигасының» жабық кешендегі баламасы ретінде өткізіліп жатқан жарыста әлемнің 15 елінен келген 100-ге жуық спортшы бақ сынады.
Бокс • 24 Қаңтар, 2023
Алты жігітіміз алтын үшін айқасады
Бокстан Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы (U-22) Азия чемпионаты мәреге жақындады. Дүйсенбі күні біз ерлер арасындағы жартылай финалдық сайыстарды тамашаладық. Сол кеште шаршы алаңға шыққан 11 жерлесіміздің бесеуі осы межеде сүрініп, қола медальді қанағат тұтты. Ал жеңіске жеткен алты жігітіміз ертең чемпиондық атақ үшін таласады.
Өнер • 24 Қаңтар, 2023
Қазақтың этнографиялық құндылығын танытатын жәдігердің қатарында қолөнер шеберлерінің тоқыма бұйымдары да бар. Соның дәлеліндей, көнеден жеткен қоржындардың бір тобы қазір Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұр. Өткен аптада музей қызметкерлері 20-ға жуық қоржынды жұртшылық назарына ұсынды.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2023
Ескілікті естелік ретінде сақтап қалу үшін суретші әрі журналист Руслан Шақабаев Семейдің көне ғимараттарын қарындашпен қағазға түсіріп жүрген еді. Стилі ерек, жанры бөлек суреттері жинақталған соң ол Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Терезелер» атты графикалық жеке көрмесін ашты.
Тарих • 24 Қаңтар, 2023
Жазушы үшін қаламнан кейін тағы бір қымбат дүние бар, ол – жазу үстелі. Әдебиетіміздегі тарихи романдардың көшбасшысы Ілияс Есенберлиннің жазу үстелі, туған жері – Атбасар қаласындағы көрнекті қаламгер атындағы әдеби музейде сақталған. Бұл жәдігерді суреткердің отбасы 2012 жылы аталған мұражайға тапсырған.