Қоғам • 24 Қаңтар, 2023

Ескі Семейдің бейнесі

428 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ескілікті естелік ретінде сақтап қалу үшін суретші әрі журналист Руслан Шақабаев Семейдің көне ғимараттарын қа­рын­дашпен қағазға түсі­ріп жүрген еді. Стилі ерек, жанры бөлек сурет­тері жинақталған соң ол Дос­тоевскийдің әдеби-ме­мо­риалдық музейін­де «Те­резелер» атты гра­фи­ка­лық жеке көрмесін ашты.

Ескі Семейдің бейнесі

Көрмедегі суреттерден Се­мейдің ХVІІІ-ХІХ ғасыр­ларда бой көтерген жер үйле­рін, ескі ғимараттарын көруге болады. Негізі қарт қала ғасырдан асқан үйлерімен, ғима­раттарымен ерекше. Мұн­да кешегі Алаш зиялыларының табы қалған жер­лер қаншама? Соның бә­рін қаз-қалпында бей­нелеп жүр­ген Русланның еңбегі өте зор.

ыв

– Жыл сайын қала жаңарып келеді. Көне үйлер сүріліп, орнына сауда орындары секілді қызылды-жасылды ғимараттар көтеріліп жатыр. Өткен ғасыр­дағы үйлердің жоқ дегенде те­резелері жаңартылады. Сурет­ші болған соң қарт қала­ны қаз-қалпында қағазға түсі­ріп, та­рихта қалдырғым келе­ді, – дейді суретші Руслан Ша­қабаев.

«Терезелер» атты жеке шы­ғармашылық көрмеге Рус­лан Шақабаев 58 жұмысын ұсын­ған. Айта кетерлігі, кейіп­керіміздің мамандығы суретші болғанымен, журналистика саласында қызмет етіп келе жатқанына 20 жылдан асты.

выа

Суретшінің туындыларынан ескіліктің лебі байқалады. Бейне бір Семей шаһарын аралап жүргендей күйге түсесің. Оның үстіне, Руслан «Татар слабодасы» аталып кеткен қаланың көне ауданында тұрады. Соған қарап, қолына қарындашты қаланың рухын сезініп барып алған ба дерсің. Әйтпесе, көпшіліктің назарын аударатындай картиналар шықпас еді. Суретшінің айтуынша, ол әу баста үйлердің терезелерін сала бастаған. Адамның ішкі жан дүниесі көзінде болса, қаланың шынайы тіршілігі терезелердің арғы жағында. Әр терезеде әр- түрлі тағдыр, сан түрлі өмір.

 

СЕМЕЙ