Қоғам • 30 Қаңтар, 2022
«Қасіретті қаңтардан» кейін құқық қорғау органдарының, соның ішінде, полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар легі толастар емес. «Азаптады», «ұрды-соқты», «тірі кетіп, табытпен оралды», «өлгендердің өзін көрден қазып алып жатыр» деген жантүршігерлік оқиғаларды естіген сайын халықтың да ашу-ызасы үдей түсуде. Алып-қашпа әңгіме мен ақиқаттың аражігін ажырата алмай қалған жұрттың жауап таппай жүрген сұрағы көп. Жазықсыз жапа шегіп жатқандар кім? Кім террорист? Кім бұзақы? Кім бейбіт шеруші?...
Әлем • 30 Қаңтар, 2022
Енді кезек эндемияға келді ме?
Соңғы екі жылда дүниежүзі бойынша денсаулық сақтау саласы мен жаһандық экономиканы өз ырқына бағындырған пандемияның аяқталуы жайлы сөз қозғала бастады. Адамзат тарихындағы ең ірі эпидемиялық дағдарыстың расымен аяқталғаны ма? Әлде әлем көшбасшылары барлық саланы тежеп, дамуына кедергі болған жұқпалы індеттен шаршады ма?
Қоғам • 30 Қаңтар, 2022
Әлеуметтік кодекс әлеумет мәселесін шеше ала ма?
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодексті әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Әдебиет • 30 Қаңтар, 2022
Он тоғызыншы ғасырда туып, бар-жоғы отыз төрт жыл ғұмыр кешкен ойшыл ақынның артында бір ғана ірі туындысы қалды. Ол туынды патшалық Ресейде, Герценнің тілімен айтқанда, «түнде атылған оқтай» дүмпу тудырды. Ол шығарманың әр сөзі афоризмге, мәтелге айналып кетті. Соның бірнешеуін мысалға алайық: «Бақыттылар сағатқа қарамайды», «Тұрмыс – жаңа, ал түсінік – ескі», «Ал сотың кім?!», «Қызмет қылуға – әзір бас, Жағымпаздануға – жаным қас», «Қағынған тілдер қарудан қауіпті», «Шулаймыз, бауырым, шулаймыз», «Бала тудыруға көп ақылдың қажеті жоқ», «Бордодан келген әлдебір француз», «Шақырылғандар мен шақырылмағандар үшін де есігіміз шалқасынан ашық», «Менің романымның қаһарманы емес», «Күнтізбелер өтірік айтады»...
Экономика • 30 Қаңтар, 2022
Банктердің экономиканы несиелендіруі – утопия
Елімізде банктер экономиканы несиелендіруге мәжбүр. Әсілінде, бизнес – дербес шешім қабылдауға тиіс субъектілер. Алайда экономикамыз шикізатқа бағдарланғандықтан банктер бизнес-жобаларды таңдап, оларға қарыз беруге міндетті. Бұл өз кезегінде банк капиталының нарықтық өлшемдерге сай болуына кері әсерін тигізіп, ел ішінде ұлттық инвесторлардың пайда болуын шектейді.