Спорт • 31 Қаңтар, 2023
Алматыда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогі үшін 8 команда құрамында 60-тан аса әскери қызметші сынға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 31 Қаңтар, 2023
Бақылауды автоматтандыру – бизнесті қорғау
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы, министрлер мен әкімдердің 2022 жылы қазақстандықтармен кездесулерінің қорытындысы туралы мәселелер қаралды.
Ауыл • 31 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының арасында «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігінің аты алысқа тарағанын білеміз. Ал одан кейінгі мықты шаруашылық «Мамбетов и К» серіктестігі саналады. Оны ауылға жанашыр азамат Еркебұлан Мәмбетов басқарып отыр. Шаруашылық облыста алғашқылардың бірі болып шетелден асыл тұқымды «Ангус» сиырын әкелген. Бүгінде оның бұқаларын аукцион арқылы сатып, табыс тауып отыр.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023
Жуырда Үкімет отырысында Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарға сәйкес алдағы бес жылдың бедерінде жаңа өңірдің өзекті һәм өміршең мәселелерін шешуге, облыс тұрғындарының тұрмысын түзеуге, экономикасын жандандыруға, инфрақұрылымын жаңғыртуға жан-жақты жағдай жасау үшін шамамен 1,9 трлн теңге қаржы қарастырылған. Бұл қомақты қаражаттың басым бөлігі, әлбетте, жеке инвестициялар есебінен жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
Бизнес • 31 Қаңтар, 2023
Мемлекеттің басты саясатының бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті экономиканың жетекші саласына айналдыру. Бұл орайда кәсіп иелерін қолдауға баса мән беріліп отыр. Алайда кәсіпкерлердің адымын аштырмайтын кедергілер әлі де азаяр емес. Неге?