Медицина • 27 Қазан, 2020
Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке арналады
2020 жылғы 27-28 қазан аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-пен бірлесіп, ДДҰ медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету бойынша еуропалық орталығының қатысуымен МСАК жөніндегі Алматы декларациясының 42 жылдығына, академик Төрегелді Шармановтың 90 жасқа толуына және Қарағанды медицина университетінің 70 жылдығына арналған «COVID-19 – МСАК үшін үлкен сабақ» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
Түркістандық дәрігерлер пандемияның қайталанбағанын қалайды. Тұрғындарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, карантин режімін сақтап, өзін де, жақындарын да қорғап жүруі үнемі ескертілуде. Дегенмен бүгінде эпидемиялық жағдай тұрақты Түркістан облысы індетке төтеп беруге толықтай дайын.
Білім • 27 Қазан, 2020
Сынға шыдаған жастар шыңға шығады
Еліміздің әр аймағында дарынды да жалынды жастар жетерлік. Білім алып, біліктілігін арттырып, қолынан келгенше қоғамдық шараларға араласып, мамандығының маңызын түсініп, елге еңбек етуде. Жас маман деп жатырқамай, мемлекет те мейлінше мейірім танытып, жанам дегендерге от, шабам дегендерге ат беруде. Өз саласы бойынша өрісін кеңейтіп, қатарластарын көбейтіп, ізденуден іркілмейтін, жаңашылдыққа жаны құмар жастардың бірі – Алматы қаласы №36 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Алтынбек Сұлтанқұлов.
Спорт • 27 Қазан, 2020
Әлемдік додадағы алғашқы қадамымыз
Осыдан дәл 20 жыл бұрын, яғни 2000 жылдың қоңыр күзінде футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатында бақ сынады. Жер-жаһанның әр қиырынан жиналған 16 команда төрт-төрттен төрт топқа бөлініп, екі аптадан аса уақыт бойы Гватемала төрінде жарыс көрігін қыздырды. Жерлестерміз Бразилия, Португалия және алаң иелерімен бірге «А» тобында өнер көрсетті.
Бокс • 27 Қазан, 2020
Бокстан биылғы ел біріншілігі қараша айында Шымкент қаласында өтетін болып бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.