Қоғам • 27 Қазан, 2020
«Нұрлы жердің» құты – баспананың кілті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған міндеттер аймақтағы жұмысты ширата түскендей. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалардың іске асуына жаңаша серпін беріліп, істің нәтижесі көріне бастады. Соның бір көрінісі баспана кезегінде тұрған адамдарды тұрғын үймен қамту ісінен байқалуда.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Қостанай облысының өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен баспасөз жиынында облыстық дін істері басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов аймақта дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын баяндады.
Саясат • 27 Қазан, 2020
Қоғамдық кеңестер әлеуетін толық іске асыру керек
Қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтеріп, реформаларға бастамашы болып, халықтың талап-тілектерін билікке жеткізіп, соған сай ұсыныстар әзірлеуді мақсат еткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бүгінде бірқатар түйткілдің түйінін тарқатып, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарды шешу жолында жұмыс істеп келеді.
Руханият • 27 Қазан, 2020
Тағдырдың салған ісіне болаттай берік адамдар бар. Олардың ішкі жан-дүниесіндегі жарық әлемге деген іңкәрлікті, еменнің иір бұтағындай мықтылықты көрген сайын тәнті болатының бар. Кәтепті қара нар көтермес жүк арқалап жүріп, тіршіліктен түңілмек түгілі, ақбас толқындары пенде шіркінді жаңқадай жағаға лақтырып ойнаған өмір айдынында еркін жүзіп, құлашын кеңге сермейтіндіктері тәнті етеді.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Құдықсай ауылы көмір тасып алды
Қазіргі кезде Ақтөбе облысы елді мекендерінің 85 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілгенімен, Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округіне қарасты Ойсылқара, Кеңой және Құдықсай елді мекендері әлі күнге дейін көмір жағып, күл шығарып отыр. Округтің жері үлкен болғанымен, тұрғындарының саны аз. Мұнда үш ауылда 277 адам тұрады. Ойсылқарада 14 үй, Құдықсайда 74 үй, Кеңойда 5 үй ғана қалған. Құдықсайда тоғыз жылдық мектеп бар.