Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Жыл басынан бері әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің салқыны азық-түліктің бағасына да кері әсерін тигізе бастады. Салдарынан кей өңірлерде алыпсатарлар бағаны негізсіз көтеріп, қара халықтың қалтасын қаға түсуде.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Өзіміздің өнімдер де қымбаттап барады
Негізгі азық-түліктің 90%-ы басқа облыстардан немесе басқа елдерден әкелінетін Маңғыстауда азық-түлік бағасы құбылмалы. Құбылмалы болғанда, арзандап жатқан азық байқалмайды, керісінше тиын да болса жамап, қит етсе қымбаттауға бейім тұратыны бар.
Таным • 27 Қазан, 2020
(Жалғасы. Басы 204-нөмірде) Бату бастаған әскер Ока өзенінің бойымен Коломнаға беттеді. Владимирдің ұлы князь Юрий Всеволодовичтің ұлы Всеволод бастап келген қолы Рязань қосындарының қалған-құтқан сілемдерімен Коломнаны қорғамақ болған әрекетінен ештеңе өнбеді. Рязань князі Роман Игоревич өліп, Всеволод шағын қосынымен Владимирге қашып құтылды. Содан кейін моңғол қолы, Джувейнидің айтуынша «М.к.с.» деген қалаға беттеді, орыс ғалымдары «М.к.с.»-тің Мәскеу екеніне күмән келтірмейді. Ол Владимир князьдігіне бағынышты жаңадан салынған қала болғанмен, халқы өте көп еді. Джувейни: «Халқы құмырсқадай, болмаса шегірткедей қаптаған қала еді, айналасы саз балшық және ну орман, орманының қалыңдығы соншалық – жылан жылжып өте алмастай еді. Моңғол патшазадалары қаланы жан-жағынан қоршап, ағаштарды отап шауып, қатарынан үш-төрт арба өтетіндей ғып жол салып, сол жолмен тас ататын қаруларын сүйреп әкелді. Бірнеше күннен кейін қаланың өзі жоқ, аты ғана қалды. Ханзадалар қолға түсіп тұтқын болғандардың оң құлағын кесуге жарлық шығарды. 270 мың адамның құлағы кесілді», деп хикаялайды (Ата-Малік Джувайни. Тарих-и Джахангушай // История Казахстана в персидских источниках. Т.IV. А-ты, 2006. 59-59 бб.). Рашид-ад-диннің мәлімдеуінше: Мәскеуді «бес күнде жермен жексен етті».
Тарих • 27 Қазан, 2020
1937 жылдың қанды қырғынында болған мына оқиғаны газетіміздің жанашыры, белсенді авторларымыздың бірі М.Оспанова айтып берді. Оқиға 1937 жылы Преснов ауданына қарасты Баян ауылында болған. Жан-жақта «халық жаулары» «әшкереленіп», газет пен радио сұңқылдап жатқанда ел арасындағы үрей де өрекпіп тұрған.
Тарих • 27 Қазан, 2020
1906 жылы Қазан қаласындағы Каримовтер баспасынан шағатай тілінде С.Хаммадовтың «Ішкі Орда қазақ хандары туралы» атты кітапшасы жарық көрген. Аталған кітап бұл күндері Ресей Федерациясы мемлекеттік кітапханасының қорында сақтаулы тұр. Ал оның авторы Сабыр Хаммадов деген кім еді? Бұрын бұл азамат туралы неге естілмеді?