Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Нағыз құтқарушы жүретін соқпаққа түсу үшін тек жалаң күш пен көзсіз батыр болу аздық етеді. Шын құтқарушының медицина мен психология саласынан да хабары болу керек. Өйткені күнделікті қызмет барысында адамдарға алғашқы дәрігерлік, психологиялық көмек көрсетуге, биікке өрмелеп, қып-қызыл шоқтың көзіне қойып кетуге, ақ боранның астынан адаспай жол тауып, адам өмірін арашалауға, кейде мұз астына сүңгуге тура келеді.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 428 өрт тіркеліп, соның салдарынан 9 адам қаза тапса, 11-і әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Өрттің шығу қаупі де әртүрлі. Қыс кезінде тұрғын үйлерде газ баллондарының атылуы жиілеп, жылыту пештерінің ақауынан көмірқышқыл газынан улану деректері көбейеді. Оған автогаз құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарын толтыру кезінде техникалық ақауларға жол беру де себеп болып жүр.
Әдебиет • 19 Қазан, 2023
Көктемде қар суы қайта, жылқының жоны күнге бір қызып, тісін көкке енді қадай бергенде желқұрсақ айғыр мінгендер жақсы біледі. Жануар жай тұрғанда қалай билеп, бір қырындап жүретінін. Басын қақшита құлағын тігіп алған бесті айғыр жүрмей-ақ төрт аяғынан билеп бара жатады. Оның шоқ басқандай алшысынан түскен, түсіп отырған аяқ алысынан арынын сезерге керек. Мінген бойда тулап ала жөнелген шу асау тай-құнанның әрі-бері тартқаны жай делбеңбай болып қалады. Мейлі, шу асау болса да. Ал кісінесе демі өкпе-бауырын, жүрегімен қоса сыртқа атып жіберердей әлгі бесті айғырдың орнынан қозғалып кеткенінің өзі жер теңселіп кеткендей әсер етеді. Оны ұстап, тізгіндеп отыруда оңай емес. Тура сол сияқты әсерді шығарма оқығанда да байқауға болады. Алыптардың кесек туындылары оқи бастағанда төрт аяғын тең басқан тарландай арналанып, жаныңды ұлы бастауларға ала жөнеледі. Тау теңселіп кеткендей, жер қозғалып, жазық ағып, құм көшіп бара жатқандай. Жаздыгүні көз ұшындағы тауларды сағым көтеріп әкеткендей, тұра-тұра зеріккен дүние бір сәтте қозғала барады. Солардың арасынан арна тауып ғұмырлар көшеді. Дәуірлер құлағын қылтитып, ғасырлардың жүгі сыз береді.
Тұлға • 19 Қазан, 2023
Көрнекті ғалым Зейнолла Қабдолов: «Тахауи Ахтанов кім?» деген сұраққа «Үлкен үшеу – «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін», деп жауап беріпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әдебиетке келген жазушылардың ішінен алдымен ауызға Тахауи Ахтановтың есімі ілінеді. Ол әдебиет есігін өзінің кейбір қатарластары секілді қағып кірген жоқ, еркін ашып, әп дегеннен өз орнын иеленді.
Әдебиет • 19 Қазан, 2023
Биыл ғасырлық тойы атап өтіліп жатқан көрнекті жазушы Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндердегі» атаққұмар Уәлиді, «Махаббат мұңындағы» жауапсыз Ниязды, «Борандағы» әділетсіз Қасболатты, жауыз белсенді Жаппасбайды білмейтін оқырман кемде-кем. Бұл кейіпкерлердің бәрі де сыншыл суреткердің туындыларындағы өмір шындығының қарама-қайшылықты сипатын береді. Сол уақыттың ақиқаты мен жалғанын, сол қоғамның даңқы мен дақпыртын, дертін көрсетеді. Сөйте тұра автор қаламы лирикалық сыршылдық сарыннан да алыс емес. Тіпті жазушының адам жанының терең иірімдеріне үңіліп, үміті мен өкінішін, сезімі мен әсерін қозғайтын кей шығармаларын көп жұрт біле бермейді. Сонау 1960 жылы жазылған шап-шағын «Ол солай еді» әңгімесі де оқырманға беймәлім болуы мүмкін.