Экология • 27 Қазан, 2020
CAMPIT белсенді демалыс жөніндегі коммьюнитидің негізін қалаушы, Anytravel ЖШС директоры Денис Лукянчук батыс үлгісіндегі белсенді демалыс ұйымдастыру тұжырымдамасы табиғаттың ластануының алдын алуға және демалыс мәдениетін арттыруға септігін тигізеді деп есептейді. Сондай-ақ ол флора мен фаунаны қорлау жағдайларынан бірқатар мысал келтірді.
Туризм • 27 Қазан, 2020
Түркістан облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Облыстық туризм басқармасы ұйымдастырған жиынның мақсаты – өңірдегі туризмді дамыту, өзге облыстардың әкімдіктерімен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Сұхбат • 27 Қазан, 2020
«Туристік инфрақұрылым табиғи ландшафтпен үйлесуі тиіс»
Әлемдік пандемияға байланысты жаз мезгілінде шетелдің шекаралары жабық болған соң отандық саяхатшылар шалғайдағы мемлекеттерге шыға алмай қалды. Есесіне елімізде жаз бойы ішкі туризмге деген сұраныс арта түсті. Десе де бұл салада елімізде орасан жұмыстар атқарылуы қажет екені де байқалып қалды. Олар – сервисті жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, жаңа табиғи аумақтарды игеру. Табиғатқа зиян келтірмеу үшін осы міндеттерді сауатты және жауапты іске асыру туралы әйгілі дат сәулетшісі Ян Гейл құрған Gehl Architects консалтингтік компаниясының жетекшісі қызметінде ұзақ уақыт болған, сәулет және урбанистика жөніндегі италиялық сарапшы Рикардо МАРИНИМЕН тілдесудің сәті түскен еді. Оның пікірінше, қазіргі заманғы түсінікте жайлы орта қала шекарасында аяқталмауы керек, қала маңындағы және қоршаған табиғи аймақтарды да қамтуы тиіс.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Полигон зардабын тартқандарға жеңілдік бар ма?
Елуінші жылдарға дейін тіршілігі қыж-қыж қайнаған Абыралы атырабы сонау замандағыдай емес, даласы меңіреу күй кешкен. Полигон тауқыметін тартқан тұрғындардың көбі атажұрттан кіндік үзуге мәжбүр болған. Оңай ма, қырық жыл ішінде 470 жойқын жарылыс жасалып, 500 мыңдай адам зардап шеккен. Зардабын жұрт әлі тартып келеді. Ал мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек қандай?
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Газдандыру ісінде түйткілді тұс көп
Ел тәуелсіздігінің отыз жылдығы жақындап келеді. Бұл қастерлі дата саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан түбегейлі өзгерістер әкелгені дәлелдеуді қажет етпейді. Тәуелсіздік еңсесін тіктеген сайын ел аумақтарының да ажары ашыла түсті. Соның бірі – Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Әйтеке би ауданы. Аталған әкімшілік құрылым егемендіктің алғашқы бес жылдығы аралығында бұған дейінгі Қарабұтақ пен Комсомол аудандарының таратылуы нәтижесінде құрылған. Оның жері мен шекарасы аумағы жөнінен республика өңірлері арасында ең алдыңғы орындардың бірінде тұрған Ақтөбе облысы территориясының 12 пайызға жуығын құрайды.