Қоғам • 19 Қазан, 2023
Орта жастан асқанда жұмыс табу оңай ма?
Кейде орта жасқа келгенде тәжірибелі мамандар да әлеуметтік, денсаулық, отбасылық жағдайына байланысты жұмысынан айырылып қалып жатады. Өкінішке қарай, өмірінің бел ортасынан асқанда өз кәсібінен қол үзіп қалатындардың, тіпті зейнетке шығып кеткендердің арасында да мықты қызметкерлер аз емес. Көп жағдайда қолдау болмаса, оларға қайта жұмыс табу немесе өз кәсібіне оралу оңайға соқпайды.
Салық • 19 Қазан, 2023
Сән-салтанат салығы немесе жалпыға бірдей жайдақ шкала жойыла ма?
Келер жылдан бастап Қазақстанда сән-салтанат салығы енгізіледі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров салықтың бұл түрі Салық кодексіне өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енетінін айтады. Қазір елде біркелкі табыс салығының шкаласы бар. Әрбір азамат табысының мөлшеріне қарамастан, мемлекетке табысының 10 пайызын төлеуге міндетті. Бұл – әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Қосымша құн салығы 12% құрайды, бұл да жоғары жүктеме болып саналмайды. Бұл мәселе біздің елде 2013 жылдан бері ресми емес түрде, 2020 жылдан елдік деңгейде талқыланып келеді. Бірақ азаматтардың қандай заттары мен мүлкіне ұлғайтылған салық салынуы мүмкін екендігі туралы нақты анықтама әлі ресми түрде талқыланған жоқ.
Аймақтар • 19 Қазан, 2023
Жаңаөзен қаласындағы мәселелер толықтай шешімін тапты деуге әлі ерте. Жылдар бойы қордаланған зәруліктерді аз ғана жылдың аясында шешудің оңай емес екенін ескере отырып, бүгінде істеліп жатқан жұмыстарға қанағат етуге тиіспіз. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласына үш күндік іссапармен барып, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі сияқты қала маңындағы ауылдарда есептік кездесулер өткізді. Жұмыс сапарының соңғы күні аймақ басшысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті.
Банк • 19 Қазан, 2023
Факторингті дамытуға неге құлық жоқ?
Президент биылғы Жолдауында тұралаған корпоративтік несиелеу мәселесін түпкілікті шешуді тапсырып, банктердің белсенді іс-қимылын ынталандыруға шақырды. Бұл ретте банк қызметінің басқа түрлеріне қарағанда бизнеске несие беру ісі банктерге пруденциалды және фискалды реттеу тұрғысынан анағұрлым тиімді болуы керек. Halykfinance сарапшыларының пайымдауынша, өсу көздерінің бірі – соңғы жылдары маңызы артып келе жатқан факторингтік қызметі.
Баға • 19 Қазан, 2023
Кейінгі кездері ырыққа көнбей келе жатқан азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық заттар және де көрсетілген қызмет құны еленбейтін сомада ептеп-ептеп қымбаттап барады. Бағаның тұрақтамай, осылайша үздіксіз өсуінің кесірінен тұтынушылар күнделікті қажеттіліктері үшін де қарызға жиі кіруді әдетке айналдырып алды. Отыз жылдың ол жақ, бұл жағында шырмауға іліктірген қымбатшылыққа қазіргі таңда төтеп беру оңайға соғып тұрған жоқ...