Әлем • 17 Қазан, 2017
Қырғызстанда сайлауға 1,7 млн адам қатысты
15 қазан, жексенбі күні Қырғызстанда президенттік сайлау өтті. Елдің конституциясы бойынша сайлауға қанша адамның қатысқаны соншалықты мәнді емес. Ал Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) алдын ала жариялаған мәліметіне қарағанда, сайлау учаскелеріне 1 миллион 692 мың 423 сайлаушы дауыс беруге келген. Бұл сайлау құқығы бар азаматтардың 55,93 пайызын құрайды.
Қазақстан • 17 Қазан, 2017
Зайырлылық қағидаттары: танып-білу – заман талабы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің зайырлы мемлекет екендігі, біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін қандай да бір ұстанымдар мен нормаларды түрлі жолдармен тықпалайтын әрекеттерге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген болатын. Бұл – қоғамымызды зайырлылық қағидаттарына негіздей отырып дамыта түсу барысында басты қаперге алатын мәселе.
Қазақстан • 17 Қазан, 2017
Қазақ әліпбиін латыншаға көшіру заман талабы
Қазақ әліпбиін латыншаға көшіру заман талабы екенінде дау жоқ. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланып, Парламентке латыншаның алғашқы нұсқасы таныстырылғаннан бері көптеген келелі ойлар айтылды.
Рухани жаңғырудың құрамдас бөлігі
Қазақ тарихына үңілсек, көне заманда байырғы түркітілдес халықтар төл жазуы бітіг, яғни руналық жазуды ойлап тауып, V-VIII ғасырлар аралығында кеңінен қолданып отырған. VIII ғасырдан бастап Қазақстан аумағында ислам дінімен бірге, араб жазуы да тарала бастады. Сөйтіп, мың жылға жуық уақыт бойы жергілікті тұрғындар араб жазуын мәдениет пен ғылым құндылығына айналдырған болатын.
Қазақстан • 17 Қазан, 2017
Латын әліпбиі Қазақстанның қарыштап дамуы үшін қажет
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сәуір айының басында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты (Егемен Қазақстан, 12.04.2017) мақаласында «қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.