Аймақтар • 19 Қазан, 2024
Қостанайдағы О.Қозыбаев пен Ю.Журавлева көшелерінің түйіскен тұсындағы ашық алаңқай облыстық Төтенше жағдай департаментінің қарауына бекітілген еді. Осы алаңқайды жаздай құтқарушылардың өздері көгалдандырып, әп-әдемі демалыс орны етіп жасап қойды. Аталған аллея Құтқарушылар күні қарсаңында ашылып, төтеннен туындаған қауіпті сәттерде басын қатерге тіккендерді еске алған жиын өтті.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2024
Жігерлі жас жігіт Асланбек Тұрсынның құтқарушы қызметіне келгелі бір жыл болды. Оның бұл салаға келуіне әкесі әсер етіпті. Әкесі Дулат өрт сөндіру саласында ұзақ жыл қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Бала Асланбек содан бері әкесін батыр санап, ізін жалғауды ойлайды. «Әкемдей қадірлі құтқарушы боламын, ел-жұртқа пайдамды тигізіп, адал қызмет атқарамын», деген сертіне де, сеніміне де берік.
Білім • 19 Қазан, 2024
Балабақша мамандары «Болашақпен» оқуы мүмкін
Осы оқу жылының басынан бері балабақшаларда 35,7 мың жаңа орын пайда болды. Соның ішінде 11 600 орын – мемлекеттік, 25 600 орын – жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда ашылып отыр. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Аймақтар • 19 Қазан, 2024
Атырау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 білім ордасы салынып жатыр. Соның екеуі жұмысын бастады.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2024
Әлемдік даналықта бір адамның өмірін құтқару бүкіл адамзаттың өмірін құтқарумен тең екені айтылады. Біреуді қауіп-қатерден аман алып қалу барысында құтқарушы өз өмірін тәуекелге тігеді. Сондықтан мұндай қауіпті мамандық таңдайтындар жасынан бойына жанашырлық пен жанкештілік қасиет жинайды.