Қазақстан • 21 Қазан, 2019
Тіл – ұлттарды біріктірудің құралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдаған алғашқы Жолдауында қоғамдағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани салалардағы өзекті мәселелерді атап көрсетіп, оны шешудің негізгі жолдарын айқындады.
Қазақстан • 21 Қазан, 2019
Бизнестің дамуына бастаған форум
Шығыс пен Батыс түркілерінің арасын жалғап тұрған алтын арқау – Әзербайжанның астанасы Бакуде салтанат құрған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті алыс-жақын шетелдік БАҚ назарынан тыс қалған жоқ. Жетінші рет өткен саммиттің жетістіктері мен мемлекет басшыларының мәмілесі туралы басқа басылымдардың не дейтінін шолып өтсек.
Қазақстан • 21 Қазан, 2019
Өткен онжылдықта Түркі әлемі мемлекеттері ынтымақтастықтың пәрменді тетіктерін құру барысында үлкен жолдардан өтті. Бүгінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аймақтық және екіжақты серіктестікке ықпал ететін халықаралық алаңға айналды. Кеңес бастамалары тараптар арасындағы сенімді нығайтуға жағдай жасайды.
Әлем • 21 Қазан, 2019
Каталония халқы жаппай бас көтерді
Испания автономиясы саналатын Каталонияда халық көтеріліске шығып, ел іші қарулы қақтығыстардың ошағына айналды. Шиеленістің себебін Испания сотының Каталония тәуелсіздігі үшін күресушілерді қамауға алу шешімімен байланыстырады. Қақтығыс нәтижесінде зардап шеккендердің саны күн санап өсуде. Әуежай мен автожолдар жабылған. Ереуілдің қашанға дейін созылатыны халыққа да, билікке де белгісіз. Ал наразылықты ұйымдастырушылар істің соңына дейін күресуге бел байлаған.
Аймақтар • 21 Қазан, 2019
Қазақ музыкасының қарашаңырағы
Алматының Республика сарайында ұлттық мәдениеттің інжу-маржаны – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 85 жыл толуына арналған «Ұлы даланың ұлы оркестрі» атты салтанатты кеш болып өтті.