Қазақстан • 21 Қазан, 2019

Серіктестік сенімді нығайтады

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен онжылдықта Түркі әлемі мемлекеттері ынтымақтастықтың пәрменді тетіктерін құру барысында үлкен жолдардан өтті. Бүгінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аймақтық және екіжақты серіктестікке ықпал ететін халықаралық алаңға айналды. Кеңес бастамалары тараптар арасындағы сенімді нығайтуға жағдай жасайды.

Серіктестік сенімді нығайтады

Әзербайжанда өткен Түркі кеңесінің VII саммиті түркітілдес мемлекеттердің интеграциялық әлеуе­тін толықтай іске асыру мәсе­лелері сыртқы саясаттың күн тәр­тібінде өзекті болып қала бере­тінін көрсетті. Өз сөзінде Қазақ­станның Тұңғыш Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев Түркі кеңе­сі қыз­метінің басталуымен серіктестер арасындағы қарым-қатынастың аса мағыналы және сындарлы кезеңі басталғанын әділ атап өтті.

Сонымен қатар осы үлгідегі өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін саны Өзбекстанның қосылуы мен Венгрияның бақылаушы мәртебесін алуымен қоса алғанда, алтыға дейін жеткен қатысушы елдер тарапынан қазіргі геосаяси және экономикалық жағдайларға бейімделуді талап етеді.

Біріншіден, реформалау­дың ойластырылған стратегиясын құру жөнінде айта кету керек. Қырғызстанда өткен Түркі кеңесі­нің VI саммитінде кездесуге қатысу­шылар оңтайландыру мен орталықтандыру мәселелеріне баса назар аудара отырып, Кеңес құрылымдарының жұмысын қайта құрылымдауға қызығушылық танытты. Дәл осы мақсатта Түркі ын­ты­мақ­тастық ұйымдарын ре­фор­малау тұжырымдамасы құрас­тырылды.

Екіншіден, экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту бағытын жандандыру қажеттілігі артуда. Осы жылы қатысушы елдер бірлескен Түркі сауда-өнеркәсіп палатасын, сондай-ақ Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру сияқты бірқатар маңызды жобаға бас­тамашылық етті. Аталған құры­лымдардың басты мақсаты ретінде мүше мемлекеттерде инвести­ция­ларды тарту және Түркі сауда үйлерін ашу үшін қолайлы жағ­дай­лар жасау болуы тиіс.

Үшіншіден, Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастықтың кейін­гі дамуы ұзақ мерзімді бола­шақтың стратегиялық көрінісінің бар болуын меңзейді. Бакуде өткен кездесуде Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы мәртебесіне ие болған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Түркі көзқарасы – 2040» бағдарламасын әзірлеу туралы ұсынысы осы қа­жет­тілікті көрсететіні сөзсіз анық.

Жалпы алғанда, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өзінің 10 жыл ішіндегі қыз­меті барысында қатысушы елдер­дің өзара қызығушылық тудыратын көптеген мәселелер бойынша ұстанымдарын жақындастыруға мүмкіндік берді деген қорытынды жасауға болады.

 

Лидия ПАРХОМЧИК,

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы