Қоғам • 21 Қазан, 2019
Киберқауіпсіздік мәселесі жаңа форматта талқыланды
Назарбаев Университетке қарасты Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебі мемлекеттік басқарудағы өзекті мәселелерді талқылауға негізделген конференция ұйымдастырды. «Мемлекеттік басқару секторындағы ақпараттық технологиялар» атты конференцияға мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары, ақпараттық технология саласындағы белгілі азаматтар қатысты.
Қазақстан • 21 Қазан, 2019
Америкамен сауда-саттық ұлғаяды
Вашингтонда Дүниежүзілік банк тобы мен Халықаралық валюта қоры Директорлар кеңесінің жыл сайынғы отырыстары аясында еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов АҚШ Сауда Хатшысы Уилбур Росспен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 21 Қазан, 2019
Газ келсе, жылу тарифтері өзгере ме?
Қоңыр күздің мизам шуағы өтіп, кезекті жылу маусымы басталды. «Қыстың қамын жаз ойла» деп халқымыз бекер айтпаған. Қар түспес бұрын коммуналдық қызметтер жылу нысандарын тексеріп, дайындық жұмыстарын пысықтайтыны мәлім. Орайлы сәтті пайдаланып, бас шаһардың биылғы науқанға әзірлігін біліп қайттық. Жақында, елорданы көгілдір отынмен қамтуға бағытталған «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталды. Бірақ жылудың бұл балама түрі тұрғындар үшін қымбатқа түспей ме?
Қоғам • 21 Қазан, 2019
Жаңа әлеуметтік көмек:Ой. Пікір. Ұсыныс
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған жаңа заң жобасына сәйкес келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудың тәртібі өзгереді. Әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық көп балалы отбасыларға жәрдемақы беріліп, тұрмысы төмен көп балалы отбасындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама қарастырылады. Қоғамда әлеуметтік қолдаудың жаңа түрі туралы айтылып жатқан пікірлер – әртүрлі. Оның қандай артықшылықтары мен олқылықтары бар? Осы сауал төңірегінде бірнеше маманмен сөйлестік.
Қазақстан • 20 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтанда республикалық ақындар айтысы өтті
Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Nur Otan» партиясының тікелей қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен дүбірлі додаға Еркебұлан Қайназар, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Серікзат Дүйсенғазы сияқты танымал ақындар бастаған он алты айтыскер қатысып, бақ сынады.