Қаржы • 20 Қазан, 2022
Инфляция тауар бағасына тәуелді
2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция деңгейі 17,7 пайыз болды. Тамызда 16,1 пайыз болған еді. Өкінішке қарай, қымбатшылық күн санап ілгерілеп бара жатыр. Жылдық инфляция 20 өңірде қарқын алған.
Қоғам • 20 Қазан, 2022
Діндарлығымыздан даңғойлығымыз басым-ау...
Солтүстік Қазақстан облысының қысы қатал екені мәлім. Соны ескерген «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің басшылығы осыдан он шақты жыл бұрын Петропавл қаласының мұсылмандар зиратында дүниеден озған адамдарды ақтық сапарға шығару кезінде діндарлардың жарыса Құран оқуын тоқтатқан болатын. Тек мешіт өкілі қысқа аят бағыштап, «Осымен тәмам!» деуге көшкен-ді.
Аймақтар • 20 Қазан, 2022
Май ауданының қақпасы саналатын Баскөл елді мекенінде жылдар бойы қалыптасып қалған түйткілдер жетерлік. Ауыл халқы жаз-күз мезгілінде шабындық жерге жетуде машақат көретіндерін айтады. Мұнда жастардың көңілін аулайтын спорт нысаны да жоқ. Тағы бір мәселе – Май топтық су құбырынан ағып келетін ауызсудың кермек татитыны жұрт көңіліне жақпай отыр.
Қоғам • 20 Қазан, 2022
Баһадүр батырлар мен даңқты дарабоздардың, қайраткерлер мен қаһармандардың қанат қағып, қалыптасатын қасиетті ұясы – отбасы десек, қателесе қоймаспыз. Туған түтін – тәй-тәй басқан кезінен тәрбиенің қайнар бұлағына қандырып, адамдық пен адалдыққа, имандылық пен инабаттылыққа, кісілік пен кішілікке һәм бауырмалдыққа баулитын берекелі бесік. Ықылым заманнан ыстық ұя саналатын отбасы құндылығын арттырып, мерейін асырып, мәртебесін көтеріп, ауызбіршілікке жетелейтін ұлттық байқаулардың басында «Мерейлі отбасы» сайысы тұратыны анық.
Аймақтар • 20 Қазан, 2022
Архивсіз тарих, тарихсыз мемлекет болмайды. Архив – адамзаттың білімі мен ғасырлар еншісіндегі тәжірибесі, жазба тарихының дәйекті дәлелдері сақталатын қоймасы ретіндегі қызмет шеңберін уақытпен бірге кеңейтіп келеді. Архивке мемлекеттік тұрғыдан қолдау жасап, ондағы Ұлттық архив қорына кіретін құнды архивтік құжаттарды қорғау және жинақтау, есепке алу, олардың сақталуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету, заман талабына сәйкес архивті сандық трансформациялау мен архив саласындағы ғылыми, әдістемелік бағыттарын жаңғырту – әлемдегі барлық ел үшін ортақ мәселе.