Руханият • 18 Қазан, 2019
Абай әндерін шырқап, өлеңдерін оқыды
Облыс орталығындағы қалалық балалар кітапханасы «Адамға мейірім мен жылулық сыйлайық» жобасы бойынша қызмет етуде. Қаладағы барлық мектептер, балабақшалар, колледж оқушылары – кітапхана оқырмандары. Олар кітапханада өтетін рухани, мәдени, әдеби шараларға жиі қатысады.
Аймақтар • 18 Қазан, 2019
Әуе шабуылына қарсы лагерлік жиын аяқталды
Маңғыстау облысы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» полигонында әуе шабулына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің лагерлік жиыны аяқталды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.
Руханият • 18 Қазан, 2019
Өмірбек Тілеулиев салған суреттерге үңіле қараған кез келген адам ең бірінші кезекте дала қазағының өмірін көрер еді. Табиғатпен үйлесімде ғұмыр кешкен көшпендінің дүниетанымын айқын аңғарып, ескі өмірді жаңаша тәсілдермен бейнелеудің ерекшелігіне назар аударар еді. Біздің көзімізге де ең алдымен осы нәрселер шалынды.
Бокс • 18 Қазан, 2019
Бурятияда барымызды көрсете алдық па?
Таяуда ғана Ресейдің Улан-Удэ қаласында бокстан әйелдер арасында ХІ әлем чемпионаты аяқталғаны жайында біз бұған дейін де жазған едік. Бурятия Республикасының астанасында Қазақ елінің әнұраны шырқалмағанымен, қос қола медальді қоржынға салған сұлуларымыз айтулы жарыстың жалпыкомандалық есебінде Англия құрамасымен бірге 13-14 орындарды өзара бөлісті. Әрине бұл біз күткендей нәтиже емес еді. Сол себепті де жерлестеріміздің көрсеткішіне көңіліміз толды деп айта алмаймыз.
Теннис • 18 Қазан, 2019
Теңдессіз шеберлер текетіресі: Новак Джокович пен Рафаель Надаль Нұр-Сұлтанда кездесу өткізеді
Алдағы бейсенбі күні, яғни 24 қазанда әлемдік теннис спортының жұлдыздары сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Рафаель Надаль Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Арена» спорт сарайында қайырымдылық кездесуін өткізеді.