Жоба • 17 Қазан, 2023
Отандық экономиканың жетекші саласының бірі – мұнай-газ өнеркәсібі. Әлемдік нарықта баррельмен бағаланатын «қара алтынның» алғашқы тамшысы алынған 1899 жылдан бері бірнеше кен орны іске қосылып, мұнай өндіру еселеп артты. Әсіресе Атырау облысындағы «Теңіз», «Қашаған» кен орындарын игеруге шетел инвесторларының инвестициясы тартылды.
Алматы • 17 Қазан, 2023
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында «1st business and science event» форумын ұйымдастырды. Ғылыми жұмыстардың нәтижесін бизнес өкілдеріне таныстырған ғалымдар форум аясында өткен көрмеде еліміздің шикізаттық емес әлеуетін дамытуға арналған жобаларын да ұсынды.
Парламент • 17 Қазан, 2023
20 қазанда Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауатын арттыру» атты парламенттік тыңдау өтеді.
Табиғат • 17 Қазан, 2023
Алатау алабы мен Жетісу жерін құландар ежелден мекен еткен деседі. Бұл аймақтардағы бірді-екілі орындардың құлан атауымен астасып жатуы тегін емес. Алайда өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін құлансыз қалған құла дала жүздеген жылдар бойы құлазып жатты.
Форум • 17 Қазан, 2023
Қазір азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің замана талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын екені белгілі. Азаматтық қоғамды қалыптастыру тетіктері «Құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның серіктестігі» атты XI Азаматтық форумда жан-жақты талқыланды.