Парламент • 17 Қазан, 2023

Парламенттік тыңдау өтеді

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 қазанда Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауатын арттыру» атты парламенттік тыңдау өтеді.

Парламенттік тыңдау өтеді

Парламенттік тыңдауға Мәжіліс пен Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық банктің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Жиында халықтың кредит алуын төмендету және қаржылық сауатын арттыру, лудомания мен киберқылмыстың, соның ішінде интернет алаяқтықтың әсерінен азаматтардың кредит алуы, сондай-ақ қаржы ұйымдарының пайдасына қарыздарды өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушыларының жұмыс тәжірибесі туралы қабылданатын шараларды талқылау жоспарланып отыр.

Іс-шарада Премьер-министрдің орын­басары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбіл­қасымова, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха баяндама жасайды. Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Үкіметке ұсынымдар әзірленеді.

Парламенттік тыңдауды ұйымдас­тырушы – Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті.