Қазақстан • 18 Қазан, 2019
Біздің кейіпкеріміздің аты-жөні – Индира Қалқабаева. Ол Алматы қаласындағы №12 емхананың дәрігері, Nur Otan партиясының мүшесі. Бұл оқиға «Жезқазған – Алматы» пойызында болған еді. Түс мезгілінде купеге жолсерік жүгіріп кіріп «жолаушылардың ішінде медбике немесе дәрігер бар ма?» деп сасқалақтап сұрады. Көрші вагондағы аяғы ауыр әйелдің хәлі нашарлап, шұғыл дәрігерлік көмек керек болып тұр екен. Оның өтініші Индираны бейжай қалдырмай, көмек қолын созды. Аяғы ауыр әйелдің жанына келіп, аты-жөні мен жүктілік мерзімін, бір сөзбен айтқанда, дәрігер-гинекологтар білуге тиіс мәліметтердің бәрін тәптіштеп сұрап алды.
Медицина • 18 Қазан, 2019
Ауруды генетикалық деңгейде зерттейтін зертхана
Елордадағы Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығында 2018 жылғы қарашада ашылған дербестендірілген геномдық зертхана – ауруларды ДНҚ деңгейінде зерттейтін Қазақстандағы бірден-бір орын. Ондағы зерттеулер еліміздегі бірегей құрылғыларда жасалып, тұқым қуалайтын және онкологиялық, созылмалы, инфекциялық емес ауруларға бейімділікті анықтайды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2019
«Адалдық алаңы» адамгершілікке баулиды
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа моделі қолданыста. Сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұратын патриот және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған «Саналы ұрпақ» жобасы жүзеге асып келеді. Жоба аясында жемқорлықсыз орта қалыптастыра отырып, еліміздегі білім беру ұйымдарының озық тәжірибелері ортақ игі іске жұмылдырылуда.
Аймақтар • 18 Қазан, 2019
Ақтөбеде жыл басталғалы кинологтардың көмегімен 270 қылмыс ашылған
Қазақ халқы жеті қазынаның біріне балаған иттің адамның ежелден досы екені, әсіресе аталған жануарды адамдар түрлі мақсатта пайдаланатыны баршаға белгілі. Еуропа елдерінде жан күйзелісіне ұшырағандарды емдейтін арнаулы орталықтардың негізгі «жұмысшылары» да — осы төрт аяқтылар. Біздің мемлекетте бұл соншалықты дами қоймағанымен, есесіне, кинологтық қызмет орталығының жұмысы жыл өткен сайын жанданып келеді. Біз полицейлердің қолғанатына айналған неміс овчаркасының бір күндік тіршілігімен танысып, оның иесін әңгімеге тартқан едік. Әңгіме барысында қоғамдық тәртіпті сақтауға айрықша үлес қосатын төбеттерді күтіп-баптау жайына да қанық болдық.
Руханият • 18 Қазан, 2019
Қазақ тарихындағы азаттық үшін арпалыстың, елдік үшін күрестің ғасырлар бойы бірізділікпен жалғасып, ұлттық дәстүр сабақтастығының арқасында егемендікке қол жеткіздік емес пе?! Ендігі жерде сол сабақтастық дәстүрі мемлекеттілікті нығайтуға бағытталса керек-ті.