Теңге • 17 Қазан, 2024
Өткен аптада долларға қатысты теңге бағамы біршама жоғарылап, 490-ға дейін таяды. Тіпті сарапшылар арасында бағам 500-ге жетуі мүмкін деген болжамдар да айтыла бастаған. Бірақ кейін қайта төмендеп, 1 доллар 487 теңгеге саудаланды.
Білім • 17 Қазан, 2024
Жетісуда 20 мыңнан астам ұстаз білім береді. Биыл соның 2 мыңға жуығы мемлекет һәм облыс тарапынан түрлі марапатқа ие болды. Солардың ішінде Үмбетовтер әулетінің орны ерек. Нағыз еңбек адамы десеңіз де болады. Себебі үлкен отбасы үш буыннан бері шәкірт тәрбиелеумен айналысып келеді. Олардың жалпы еңбек өтілі – 332 жыл. Бүгінде шөберелері де атадан қалған жасампаз жолмен жүріп келеді.
Мектеп • 17 Қазан, 2024
Оқушылардың дұрыс һәм сапалы тамақтануы олардың денсаулығы мен біліміне тікелей әсер етеді. Бірақ осы күні мектеп асханаларына қатысты мәселелер оқу жүйесінің бітеу жарасына айналғандай. Астан уланған қаншама бала ауруханаға түсіп жатады, енді бірде тағамдардың сапасына көңілі толмай, кейістік білдіретіндер де бой көрсетеді. Осы мәселенің мән-жайын білмекке Астанадағы №84 мектепке арнайы барып, асхана жұмысымен танысып қайтқан едік.
Тағзым • 17 Қазан, 2024
Қазақ даласында театр өнерінің қазығын қағып, туын көтерген Жұмат Шанин тұлғасы қашан да еске түсіріп отыруға тиісті ардақты есімдер санатында. Театр өнерінің қалыптасып, орнығуына тер төккен Ж.Шаниннің жұбайы, ұлт театрының алғашқы қарлығаштарының бірі – Жанбике де айтулы актриса екені тарихтан мәлім. Халқымыздың маңдайалды перзенттеріне тартып туған ұлдары Қасымхан Шанин де театр мен кино өнерінің қайталанбас жұлдызы, режиссерлігімен қатар әншілігі де бір төбе.
Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Түркістан облысында жалпы 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді. Олардың арасында еңбегі жоғары бағаланып, кәсіби мерекелерінде түрлі марапатқа ие болғандар көп.