Медицина • 18 Қазан, 2022
Атырау облысында ана өлімі азаймай тұр. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев та жасырмайды. Оның дерегіне сүйенсек, былтыр жиырма жүкті әйел көз жұмған. Оның ішінде он алты әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Биылғы 9 айда екі ананың, ал қазан айының өзінде 3 жүкті әйелдің қайтыс болғаны тіркеліп отыр.
Медицина • 18 Қазан, 2022
Орфандық аурулар – мемлекет назарында
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын орфандық ауруларды емдеуге арналған препараттарды сатып алуды ұлғайтатынын хабарлады. 2020 жылдың қарашасында елімізде «Орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» құрылғаны белгілі. Мұндағы мақсат – сирек кездесетін патологиясы бар науқастарға уақтылы диагноз қоюды, емдеуді, оңалтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ қайырымдылық көмек пен әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру.
Қазақстан • 18 Қазан, 2022
Әскери доктрина – қауіпсіздік кепілі
Әлемдік геосаяси ахуал күрделеніп, кімге сенеріңді білмей отырған алмағайып заманда ел әскерінің қуатты болғаны қажет-ақ. Бұл ретте, әскери доктринаға өзгерістер енгізу мәселесі жиі айтылып жүрген-ді. 15 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №554 Жарлыққа енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды.
Руханият • 18 Қазан, 2022
Біз білетін Шерхан ағаның тұлғалық болмыс-бітімінде отаншылдық идея атойлайды. Оның рухани қалыбын туған елін шын сүйген, жеке бас өзімшілдігі, сыпыра даңққұмарлығы, жалған абыздығы, өркөкірек өлермендігі, менмендігі жоқ жазушы деп қабылдаймын. Шерағаңның «Бір кем дүние» атты іркес-тіркес философиялық ой-толғамдарында азаматтық тұлғасы мен жазмышы қатар өрілген. Жанры жан-жақты – эссеистика, этюд, портрет, естелік, қойын дәптер, сын, автопортрет, мысал, аңыз, сентенция десе болар. Автор субъективті көзқарасын объективті тезге салып жіберуден жаңылмайды.
Қазақстан • 18 Қазан, 2022
Алматыдағы дарынды қыз балаларға арналған лицей-интернатқа белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, бүкіл саналы ғұмырын еліміздің оқу-ағарту ісін дамытуға арнаған білікті де ұлағатты ұстаз Шәмша Беркімбаеваның есімі берілді. Қатардағы ұстаздан министр лауазымына дейін жетіп, үкіметтік деңгейде ауыл мектебі бағдарламасының қабылдануына мұрындық болған, қазақ мектептеріндегі білім беру жүйесін жаңғыртуға үлкен еңбек сіңірген Шәмша Көпбайқызы бүгінде көзі тірі болса 80 жастың асуын бағындырар еді...