Пікір • 30 Қазан, 2023
Бүгін ғана Қарағандыға арнайы барып, жағдайды көзбен көріп қайттым. Біраз марқұмды мешітте және шіркеуде жаназасын шығарып, арулап шығарып салдық. Ол жердегі туыстарының жағдайын көргенде жүрегің ауырады.
Басылым • 30 Қазан, 2023
БАСҚА БАСЫЛЫМДАРДАН: Апаттан кейінгі Аза тұту күні
Қазақстанда «АрселорМиттал» шахтасындағы өрт салдарынан 45 адам қаза тапқан соң, жексенбі күні ұлттық аза тұтылды. Бұл – Орталық Азиядағы елдің тарихындағы ең ауыр апат.
Медицина • 30 Қазан, 2023
Медицина қызметкерлерінің мерейі
Таяуда Зерендіде 15 медицина қызметкеріне жаңа пәтер беріліп, мерейі өсті.
Таным • 30 Қазан, 2023
ҚазПИ түлектері – Бай өлкенің алғашқы ұстаздары
Тарихы Алаштың Ташкентке орныққан кезеңінен (1918 жылдан) басталып, 1928 жылы Алматы қаласына көшіп, еліміздегі талай университет пен институтқа іргетас болған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарыдай шашылған әлемдегі қазақтың ағаруына да, жетілуіне де елеулі әсер етті. Осы оқу орнының Моңғолиядағы қазақтар үшін алар орны да ерекше. Моңғолия қазақтарының сауатын ашу, қандас қазақ бауырлары тұратын Баян-Өлгей қазақ аймағында алғаш мектеп ашу ісіне Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (ҚазПИ) сонау ХХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап бауырмалдық тұрғыдан атсалысып, аймақ орнаған алғашқы жылдары ондаған педагог мамандарын жіберіп, жергілікті қазақтан жүздеген мұғалімді даярлап бергені – тарихи шындық. Бұл Моңғолиядағы қазақтардың рухани өміріне бетбұрыс әкелді. Сондықтан Моңғол елі қазағы бұрынғы ҚазПИ, қазіргі Абай университеті десе, әрдайым мақтаныш сезімі кернеп, біліммен сусындатқан алғашқы ұстаздарын ұмытпайды.
Жастар • 30 Қазан, 2023
Жастар неге үйленуге асықпайды?
Елімізде отбасын құруға ниетті жастар қатары азайған. Қазірдің өзінде үйлену жасына жеткен бойжеткендердің 30, жігіттердің 40 пайызы бойдақ. Ресми деректі бағдарласақ, 2012 жылдан бері тіркелген неке саны 164 мыңнан 128,5 мыңға дейін төмендепті. Бұған не себеп? Ғасырлар бойы дәріптеліп келген отбасы құндылығы қазір қалай өзгерді?