Коронавирус • 22 Қазан, 2021
Коронавирус пен пневмониядан тағы 36 адам қайтыс болды
36 қазақстандық бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Қазан, 2021
GetEmotions – кез келген адамға кез келген тақырыпта сұрақ қойып, соған сәйкес пікір алмасуға мүмкіндік беретін жасырын әлеуметтік желі. Бұл отандық IT мамандарының технологиялық өнімі.
Спорт • 22 Қазан, 2021
Әлем чемпионаты: Қатардан қалмауға бәрі үмітті
Футболдан Қатарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын екі елдің құрамасы белгілі болды. Еуропа аймағындағы іріктеу кезеңінде шашасына шаң жұқтырмаған Германия мен Дания футболшылары енді келесі жылы әлемдік жарыста бақ сынайды.
Спорт • 22 Қазан, 2021
Сәтін күткен саңлақтар немесе екінші болудың ерекшелігі
Қазіргі қазақ қоғамында шама-шарқы жетсін-жетпесін, әлеуеті келсін-келмесін әйтеуір бірінші болуға ұмтылатындардың, кез келген құрбандыққа бара отырып әп-сәтте биік белестерді ылдым-жылдым бағындыруға тырысатындардың қатары көбейіп тұр. Әрине, кез келген салада, өз ортаңда бірінші болғанға не жетсін. Бірақ, Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық басатындардың» да еңбегі далаға кетіп жатқан жоқ. Өзге салаларды былай қойғанда, спортта екінші болып жүріп-ақ талай табысқа жетуге, биік шыңдарды бағындыруға болатынын спортшыларымыз халықаралық жарыстарда сан мәрте дәлелдеп жүр. 24 қазан күні басталатын бокстан әлем чемпионаты қарсаңында осы тақырыпқа тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Спорт • 22 Қазан, 2021
Алдағы жексенбі күні Сербия астанасы – Белградта бокстан ересектер арасындағы 21-ші әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Жаңа ережелер бойынша өтетін биылғы жаһандық біріншіліктің жаңалығы көп. Мәселен, Сербиядағы додада былғары қолғап шеберлері тарихта тұңғыш рет 13 салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасатын болса, жеңімпаз бен жүлдегер атанған боксшыларға алғаш рет сыйақы тағайындалып отыр.