Кітапхана • 16 Қазан, 2024
Орталық ғылыми кітапхана қамқорлыққа зәру
Ғасырға жуық тарихы бар Алматыдағы Орталық ғылыми кітапхананың қазіргі жай-күйі сын көтермейді. Бұл – соңғы он жылдан астам уақытта мамандарды толғандырып отырған түйткілді мәселе. Бастауында академик Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, М.Әуезов сынды ғалымдар тұрған кітапхананың қоры бүгінде 6 млн-нан асады. Өкінішке қарай тарихи, мәдени маңызы зор осынау ауқымды қорды сақтаумен небәрі 40-қа жуық кітапханашы айналысып келеді. Олар мардымсыз жалақыға жұмыс істей жүріп, күрделі жөндеу жұмыстарының жайсыздығына қарамастан, оқырмандарға уақтылы қызмет көрсетіп отыр. Мұрасы мол ғылыми орталықтың келешегіне алаңдаған халық қалаулылары да мәселенің мән-жайын Парламентте көтерген болатын.
Қоғам • 16 Қазан, 2024
Қоғам назарын аударған Талғардағы қылмыстық оқиғаға байланысты Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ішкі істер министрлігі тарапынан жүргізілген тергеу мен қабылданып жатқан шаралар жөнінде брифинг өтті.
Жансарай • 16 Қазан, 2024
Қай халықтың болсын ғылымы мен мәдениеті адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғаларымен, ғибраты мол рухани жетістігімен озық саналады. Қазақтың аса көрнекті ғалым қызы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Рабиға Сыздықтың ғылыми шығармашылығы, ұлттық мәдениет қазынасына қосқан қыруар қымбат мұрасы, теңдесі жоқ телегей-теңіз тілшілік қызметі біздің санамызда сондай озық қатардан орын тебетін жасампаз, жарқын үлгісімен мәңгі жасай береді.
Экономика • 16 Қазан, 2024
Ілгерілеу бар, іркіліс те жоқ емес
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылу барысы мен вегетациялық кезеңнің өту қорытындылары қаралды.
Саясат • 16 Қазан, 2024
Қазақстан – Армения байланысының жаңа кезеңі
Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян келіссөз өткізді.