Қазақстан • 22 Қазан, 2021
Елімізде алкогольсіз сусындардың түпнұсқалығын тексеруге арналған қоғамдық бақылау құралы сынақтан өтуде. Қазақстанда тұтынушыларға сатып алынатын су мен құрамында қант бар сусындардың түпнұсқалығына цифрлы таңбалауды енгізу арқылы кепілдік беру жоспарлануда. Қазір қанатқақты жоба жүріп жатыр. Оған қапталған суды өндіретін бірқатар компания қосылған.
Технология • 22 Қазан, 2021
Ақпараттық технологияның қыр-сырына қанықты
Алматыда «Көру қабілеті нашар жасөспірімдердің цифрлы дағдыларын дамыту» жобасының алғашқы түлектеріне сертификаттар табысталды. Бұл жоба – «Жан» мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі Азиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің бірлескен бастамасы.
Білім • 22 Қазан, 2021
«Цифрлы сауаттылық» пәні оқытылады
Алдағы жаңа 2022 жылдың қаңтар айынан бастап бірінші сынып оқушыларына жаңа пән оқытылады. Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйенсек, бұл балалардың цифрлы сауатын ашу мақсатында оқу бағдарламасына енгізілген.
Технология • 22 Қазан, 2021
Хакердің көздегені – өнеркәсіп
«Касперский зертханасының» дерегіне сүйенсек, биыл Қазақстан мен Ресейдегі ірі компаниялар кибершабуылдың салдарынан орта есеппен 700-900 мың доллар көлемінде қаражат жоғалтқан. Ал DarkNet немесе «жасырын желідегі» Қазақстан азаматтарына қатысты жеке мәліметтер шамамен 20-700 доллар көлемінде бағаланады.
Әлем • 22 Қазан, 2021
Әлемді рухани құндылық құтқарады
Алматыда «Ортақ этостың қалыптасуы: Саналы өзара тәуелділік дәуіріне аяқ басу» атты халықаралық кеңес өтті. ЮНЕСКО қолдауымен құрылған Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлесе ұйымдастырған іс-шараға руханият пен өнер, қоғамдық келісім саласындағы жаһандық сарапшылар қатысты.