Алматыда «Ортақ этостың қалыптасуы: Саналы өзара тәуелділік дәуіріне аяқ басу» атты халықаралық кеңес өтті. ЮНЕСКО қолдауымен құрылған Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлесе ұйымдастырған іс-шараға руханият пен өнер, қоғамдық келісім саласындағы жаһандық сарапшылар қатысты.

Осымен төртінші мәрте өтіп отырған ауқымды шараның мақсаты – адамзаттың бейбіт өмір сүруіне кедергі келтіретін келеңсіздіктермен бірлесе күресу һәм бүгінгі және келешек ұрпақты адамзатқа ортақ құндылықтар арқылы ынтымаққа ұйыстыру. Өмір сүру салты бір-бірімен мүлде қабыспайтын түрлі халықтарды мәдениеттер тоғысы арқылы біріктіруді көздеген жоба озық білімге апаратын үздік идеяларды әлем жұртының игілігіне бағыттауды көздейді.
– Адамзат баласының алдынан күн сайын шешімі күрделі мәселелер көлденеңдеп шығып жатыр. Бұдан мұқалмай өту үшін рухани бірлік керек. Білім – адамды шырқау биікке көтеретін ұлы күш. Әлем жастары адами асыл-қасиеттердің нәрін мәдениеттер байланысы арқылы сіңіреді. Оларды ізгілікке бейілдендіру, бір-бірін құрметтеуге үйрету үшін ортақ алаң керек. Біздің негізге алып отырған мақсатымыз да осы. Жыл сайын Кеңестің ауқымы артып, әлем халқын алаңдатқан өзекті проблемалар, тарих пен мәдениет тақырыптары талқыланып жүр, – дейді Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, айтулы ақын Олжас Сүлейменов.
Конференцияның «Саналы өзара тәуелділік және планетарлық сана» деп аталған бөлімінде мәдени әртүрлілікті сақтау, бостандық, теңдік, ынтымақтастық, төзімділік, әлеуметтік интеграция және табиғатты қорғау сынды маңызды тақырыптар талқыланды. Ал «Тұрақты дамуда маңызды диалогке қолдау білдіру» секциясында адамзат дамуының этикалық, тарихи, әлеуметтік және мәдени аспектілері, сондай-ақ мәдени плюрализм мен ғылымдағы диалогті қолдау мәселелері қаралды.
Жаһандық басқосуда мәдениеттердің шынайы жақындасуына қолдау білдірудегі білім беру мен БАҚ-тың рөлі, әлеуметтік желілердің үлесі сынды зерттеу тақырыптары да назардан тыс қалған жоқ.
– Әлем өзгерді. Адамдардың өмір сүру дағдысы да бұрынғыдай емес. Технократия салтанат құрған дәуірде көп жетістікке жеткенімізбен, рухани құндылықтар құлдырай бастады. Айдай әлемге ауыз салған пандемия адамзатты үрей құшағына алды. Бұл соғыстан кейінгі бетпе-бет келген үлкен қасірет. Ертеңгі күнге сенім әлсіреп, адамдардың болашаққа деген үміт атмосферасы тұмандана түсті. Нақ осы кезде әлемді құтқаратын құдіретті күш – рухани бірлік пен мәдени ынтымақтастық. Осы алаң арқылы әр елдің мәдениеті мен тарихы таныстырылып, өткен күндер еншісінде бұдан да ауыр, бұдан да қиын кезеңдер өткеніне ой жүгірту арқылы бүгінгі жағдайды сараптай аламыз. Адамзаттың түпкі мұраты бақытты өмір сүру. Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы әлем елдерін бақытты тіршілік кешуге, шынайы өмір сүруге үндейтін жоба деп есептеймін, – дейді конференция қатысушыларымен Ресейден онлайн байланысқа шыққан М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің бірінші проректоры Игорь Абылгазиев.
Жастардың бойына адамзаттың тұрақты дамуына бастайтын қайрат құйып, білім мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Себебі адамзат өрке-ниетінің өрлеуіне үлес қосатын этикалық және азаматтық көзқарасы жоғары ұрпақ қана осы байланысты жалғай алады. Сарапшылар бұл үшін дәстүрлі кеңесте көтерілген мәселелерді зерттеп-зерделеп, мәдени ынтымақтастыққа бастайтын жобаларды жандандыра беру қажет деп есептейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2013-2022 жылдар аралығын Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы деп жариялағаны әмбеге аян. Олжас Сүлейменов жетекшілік ететін Алматыдағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы музей құндылықтары мен тарихи-мәдени мұраны анықтау, толықтыру, зерттеу және насихаттау жұмыстарымен айналысып келеді.
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Кеше
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Кеше
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Кеше
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Кеше
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • 25 Маусым, 2022
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • 25 Маусым, 2022
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • 25 Маусым, 2022
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • 25 Маусым, 2022
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • 25 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар