Алдағы жаңа 2022 жылдың қаңтар айынан бастап бірінші сынып оқушыларына жаңа пән оқытылады. Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйенсек, бұл балалардың цифрлы сауатын ашу мақсатында оқу бағдарламасына енгізілген.

«Цифрлы сауаттылық» пәні осы оқу жылының үшінші тоқсанында оқу бағдарламасына алғаш рет енгізіледі. Негізі мұндай бағыттағы пән бастауыш сыныптың оқу бағдарламасында бұрыннан бар. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бұған дейін оқушыларға үшінші сыныптан бастап оқытылатын. Мұндай өзгерісті тиісті министрлік жанындағы Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жаңа замандағы өзгерістердің талабынан туып отырғанын жеткізді.
«Оқу бағдарламасы сұраныс пен уақыт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Цифрлы әлемнің қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Қазір смартфондар мен компьютерлерді мектепке дейінгі балалар да пайдаланады. Цифрлы сауаттылық – оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлы сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Әлбетте, жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктері де ескеріледі», деді Г.Кәрімова.
Осыған орай 4-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және 5-11 сыныптарға арналған «Информатика» пәндері бойынша оқу бағдарламалары қайта қаралған. Жаңашылдықтар балалардың ақпараттық технологиялар саласында сапалы білім алуына бағытталып отыр. Айталық, мектеп бағдарламасы шеңберінде ең танымал Python бағдарламалау тілі оқытылмақ. 5-9 сынып оқушылары 3D-модельдеу мен 3D-принтинг бойынша білім алады. Ал 10-11 сыныптардағы «Информатика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасында IT-STARTUP, виртуалды және толықтырылған шынайылық, жасанды интеллект, мобильді қосымшаларды әзірлеу, BigData және тағы басқа тақырыптар бар. Бұған қоса барлық сыныптың оқу бағдарламаларына Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, авторлық құқық туралы тақырыптар енгізілген.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар