Медицина • 22 Қазан, 2021
Скринингтен өту қатерлі дерттің қаупін азайтады
21 қазан – Дүниежүзілік сүт безінің обыры туралы ақпараттандыру күні. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласында осынау қатерлі дерттен сақтандыру мақсатында арнайы айлық өтіп жатыр. Соның аясында №15 қалалық емхананың акушерлік-гинекологиялық қызметінің меңгерушісі Жансая Садуова скринингтен уақтылы өтудің не үшін маңызды екенін және әйелдердің өз денсаулығын қалай бақылау керек екенін айтып берді.
Медицина • 22 Қазан, 2021
АИТВ-ға тестілеу қызметіндегі инновация
Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвесторлар тарту, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Осы тапсырмаға орай, жуырда ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың қаржылық көмегі арқылы ЖИТС өңірлік орталықтарының 15 зертханасы оңтүстіккореялық BioneerCorporation компаниясының автоматтандырылған ПТР жабдығына ие болды. Бұл қандай жабдық және оның пациенттердің денсаулығын сақтауға қалай септесетіні жөнінде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Асылхан ӘБІШЕВПЕН әңгімелескен едік.
Таным • 22 Қазан, 2021
Тарихи оқиғаларды тың деректермен толықтыру маңызды
Нұр-Сұлтан қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесі Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп 1916-1930 жылдары мемлекеттің жазалау әрекеттері мен сол кездегі биліктің саяси қуғын-сүргін, аштық кезіндегі түрлі зорлық-зомбылық науқандарының себебінен Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындарды ақтауға сәйкес зерттеу материалдарын жинау бойынша кезекті тәжірибе алмасу семинарын өткізді.
Қоғам • 22 Қазан, 2021
Діни сауатсыздықтың теріс салдары
«Жастардың діни сауатын көтеру – бәз біреулер ойлағандай уақытша науқан емес. Бұл мемлекеттік саясаттың өзгермейтін әрі үнемі назарда ұстайтын басым бағыты болуы керек». Жастардың діни білім алу мәселесі төңірегінде осындай ойын ортаға салған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Айна Қабылова «бұл бағытта инклюзивті оқытуды енгізу де білім берудің негізгі бағдарламасына қайшы келмейді» дейді.
Пікір • 22 Қазан, 2021
Өткен аптада Мәжілісте Қылмыстық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатқа сәйкес, өлім жазасына қатысты бірқатар бап алынып тасталмақ. Бұл – гуманизмге жол ашатын маңызды қадам екені сөзсіз.