Қоғам • 23 Қазан, 2020
Қостанайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің қымбаттағаны байқалады. Орталықтағы көкбазарға барып, 5-6 адамды әңгімеге тартып көріп едік, көбінің қазіргі бағаға көңілі толмайтын болып шықты. Тұтынушылар соңғы екі апта ішінде жұмыртқа, қант, өсімдік майының бағасы едәуір көтеріліп кеткенін айтты.
Аймақтар • 23 Қазан, 2020
Тұрақтандыру қорының өнімі жеткілікті
Өңірде картоп мол, көкөніс бағасы арзан. Өйткені жыл сайын павлодарлық шаруашылықтар картоп, сәбіз, пияз, қырыққабатты өздері өсіріп, күзде молынан жинап алады. Қарбызды да екті. Бидайы да, қарақұмығы да жеткілікті.
Таным • 23 Қазан, 2020
Кесапат індет келіп, қоғамның талай кертартпа кем-кетігін көрсетіп берді. Әсіресе карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің зорайып бара жатқаны қатты байқалды. Бұл ретте жұбайына жұдырық жұмсаған жағдай ғана жұртқа жиі аян болып жатады. Ал күш қолданбай-ақ серігінің санасын сансыратып, күн бермейтіндер де көптеп кездеседі.
Таным • 23 Қазан, 2020
Ұлы дала тарихы туралы құнды еңбек
Бүгінгі таңда әлемнің әр тарапында, атап айтқанда АҚШ-та, Канадада, Ұлыбританияда, Францияда, Германияда, Бельгияда, Норвегияда, Швецияда, Италияда, Ресейде, Түркияда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Қытайда, Моңғолияда немесе өзге де мемлекеттерде өмір сүріп жатқан отандастарымыз бен қандастарымыздың тағдыр-талайы туралы біреу білсе, біреу біле бермейді. Олардың арасында шебер кәсіпкерлер де, білім, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері де, айтулы университеттерде дәріс оқып жүрген ғалым-профессорлар мен зерттеушілер де, сауда-өнеркәсіп саласының кәсіби мамандары да, қоғам қайраткерлері де, медицина саласының білікті мамандары да, инженер-дизайнерлер де, бөгде елдерде қазақ қоғамдастықтарының негізін қалап, соларға жетешілік етіп жүрген ұлтжанды азаматтар да, бірегей киім брендіне иелік етіп жүрген талант иелері де, рестораторлар да, фермерлер де, сәулет өнері мен қылқалам шеберлері де баршылық.
Аймақтар • 23 Қазан, 2020
Қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану керек
Жаһанды жайлаған коронавирус індетімен күресу мақсатында Жамбыл облысында карантин талаптары қайта күшейтілді. Бұл орайда, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев жергілікті жұртшылықты сақтық шараларын барынша сақтауға шақырған еді. Өзі де облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен құрылған арнайы топпен бірге Тараз қаласындағы бірқатар мейрамхананы аралап, той және тойхана иелеріне жиын-тойларды тоқтату керектігін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.