Саясат • 23 Қазан, 2020
«А» корпусы аудиторияға оралады
Қазақстанда қоғам қажеттілігін басты назарға қоятын мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері қайта оқытылатын болды.
Қоғам • 23 Қазан, 2020
Жаны қазақ орыс қызы немесе тың игеруге келгендердің ұрпағы тіл үйретіп жүр
Былтыр Павлодар қаласында 13 көшенің атауы қазақшаланды. Кеңестен мұра боп қалған атаулардың қандай қиындықпен ауыстырылғанын осы істің бел ортасында жүрген тіл жанашырлары жақсы біледі. Қоғамдық талқылаулар да ын-шыңсыз өтті дей алмаспыз. Көпшілік жиналған осындай жиындардың бірінде мінбеге көтеріліп, көшелердің қазақшалануына қарсы ат төбеліндей аз ғана топтың мысын басып, аузына құм құйған сұңғақ бойлы сары қызға сүйсінбеген адам жоқ. Ол қоғамдық талқылауға қазақ тілінің намысы үшін Екібастұздан арнайы келген орыс қызы Виктория болатын.
Руханият • 23 Қазан, 2020
Сұлтанәлі Балғабаев: Өмірім қаламгерлер мен қандастар ортасында өтіп жатыр
– Сұлтанәлі Базарбайұлы, сізді жұртшылық белгілі жазушы-драматург және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында жұмыс атқарған қоғам қайраткері деп біледі. Соңғы уақытта баспасөз бетінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры ретінде жиі көрініп жүрсіз. Бүгінгі әңгімені осы қызметтеріңізге қатысты көңілге түйген ой-пікірлерді ортаға салудан бастасаңыз.
Білім • 23 Қазан, 2020
Сұранысқа ие мамандарды даярлауға жағдай жасалды
Жуырда «Жас маман» жобасы аясында техникамен жабдықталған Нұр-Сұлтан қаласындағы Политехникалық колледжінің жұмысы таныстырылды.
Саясат • 23 Қазан, 2020
Үлескердің құқығы қорғаусыз қалмайды
Кеше Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғындардың жекеменшігіне беру кезінде азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне арналды.