Жуырда «Жас маман» жобасы аясында техникамен жабдықталған Нұр-Сұлтан қаласындағы Политехникалық колледжінің жұмысы таныстырылды.

Колледждерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылып жатқаны белгілі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, аталған бағдарлама шеңберінде колледждерге техникалық құрал-жабдықтар сатып алып қана қоймай, білім беру бағдарламаларын да жаңарту жоспарланған.
Қазіргі уақытта еліміздегі 67 колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды. Білім беру ұйымдары студенттерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша оқыту мақсатында қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алды. Шара «Жас маман» жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аясында қолға алынды. Жылдың соңына дейін тағы да 13 колледжге қажетті техника жеткізіледі. Жалпы, аталған жоба еліміздің 180 колледжін қамтиды, олардың барлығы оқу-өндірістік базасын жаңарта алады.
«Қазір «Жас маман» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Биыл шамамен 80 колледж өздерінің техникалық базасын жаңарта алады. Бүгінде еліміз бойынша 67 колледж озық техникамен жабдықталған. Жоба Елбасының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қолдау мақсатында іске қосылды», деді Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы Astana Polytechnic жоғары колледжінің автокөлік жөндеу шеберханасында автокөліктің толық диагностикасын жасауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар орнатылған. Студенттер шеберханада жеңіл автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу бойынша тәжірибе жинайды. Сондай-ақ «Жас маман» жобасы аясында колледж алғаш рет оқу электромобилін сатып алды. Оқуын аяқтағаннан кейін колледж түлектері қалалық автопаркте жұмыс істей алады және жаңа электр автобустарына қызмет көрсетуге мүмкіндіктері бар.
Аталған колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев бұл бағдарлама бойынша биыл үлкен лабораториялар жұмысын бастағанын жеткізді.
«Соның бірі – автомобильдерге қызмет көрсету зертханасы. Ең алдымен, бұл кабинеттер халықаралық стандарттарға сәйкес жасалды. Сондай-ақ жұмыс берушілердің талабын ескердік. Осыған дейін құрылғылар жетіспеушілігі болды. Сондықтан жұмыс берушілер түлектерді жұмысқа алған соң қайта оқытатын. Енді жабдықталған құрылғылар арқылы түлектер жұмысқа орналасқанда бірден жұмысқа кірісіп кетуіне мүмкіндік болады. Әр құрылғының өзінің 16-17 зертханалық жұмысы бар. Бұл – автосервис, ТҚС-қа барған кезде жеңіл көліктерге, автобустарға және басқа да түрлі көліктерге қызмет көрсетуге арналған зертхана», деді Қ.Сенғазыев.
Елордалық автоорталықтың техникалық директоры Дмитрий Ганьбаның айтуынша, студенттердің жаңа құрылғылармен жұмыс істей алуы автомобильдерге техникалық қызмет көрсету саласы мамандарының кәсіби деңгейін арттырады.
«Осы уақытқа дейін Қазақстанда мұндай деңгейдегі техникалық жабдықталған оқу орындары болған емес. Енді осындай колледждердің мамандарына еліміз бойынша сұраныс артатынына сенімдімін», деп атап өтті автоорталықтың техникалық директоры Дмитрий Ганьба.
Колледждегі барлық шеберхана мен зертханалар «Жас маман» жобасы аясында жаңартылды. Оқу жабдықтары әлемдік жетекші компаниялардан шамамен 230 млн теңгеге сатып алынды. Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар кабинеті де жаңа технологиялармен толықтырылды. Енді студенттер желілік құрылғыларды консольде де, графикалық интерфейсте де басқаруды үйренеді. Жаңа материалдық-техникалық база еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Колледждердегі жабдықтарды сатып алу мен жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін комиссия құрылды. Оның құрамында өңірлер мен мәслихат депутаттары, тәуелсіз сарапшылар, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобының өкілдері бар.
«Жас маман» жобасы аясында жаңа жабдықтарды сатып алумен қатар оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзірленуде. Сондай-ақ колледждердің шеберханалары мен зертханаларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сұранысқа ие 100 мамандықтың тізімін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасағанын атап өткен жөн.
Айта кететін тағы бір жайт, Білім және ғылым министрлігінің айтуынша, бұған дейін біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдерді тек мектеп мұғалімдері алған болатын. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануымен колледж педагогтері де біліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады.
«Мемлекет басшысының қолдауымен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтерінің жалақысы артты, алдағы жылдары да арта түспек. Біліктілік санаты үшін педагогтерге қосымша ақы төлеу мәселесі көп жыл бойы көтерілген болатын. Егер мектептерде мұғалімдер біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алса, колледждерде мұндай үрдіс болған жоқ. Енді колледж педагогтері де ай сайын лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады. Өз кезегінде колледж директорлары мен директор орынбасарларының атқарған жұмысының тиімділігіне байланысты өз жалақысының 100 пайызына дейін қосымша ақы алу мүмкіндігі бар. Бұл әріптестеріміздің жұмысқа деген ынта-жігерлері мен жұмыстың тиімділігін арттыра түспек», деген еді министр.
Түркістанда 72 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 20:55
Спорт • Бүгін, 20:28
Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 20:00
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қандай жағдай жасалған?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:16
Өркен Бисақаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет • Бүгін, 19:00
Моңғолияның үкімет басшысы отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 18:40
БҰҰ Даму бағдарламасы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін оң бағалады
Қазақстан • Бүгін, 18:20
FlyArystan наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосады
Қоғам • Бүгін, 18:18
Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет бұзды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Гуманитарлық білім беру саласында концептуалды ойлау жүйесін жетілдірді
Әдебиет • Бүгін, 17:55
Ертең бірнеше өңірде тұман түсіп, қар жауады
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Үш киікті сойып алған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Томас Бах Токио олимпиадасының мерзімінде өтетінін мәлімдеді
Спорт • Бүгін, 17:41
Алаш аманатын арқалаған «Ақ жол»
Тарих • Бүгін, 17:35
Түркияда Эрзурум қаласындағы мектепке Әл-Фараби есімі берілді
Руханият • Бүгін, 17:35
Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
Президент • Бүгін, 17:31
Туған күн атап өткен үш жігіт аялдамалардағы әйнекті сындырған
Аймақтар • Бүгін, 17:30
Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек - А.Балаева
Қазақстан • Бүгін, 17:26
«Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалды
Футбол • Бүгін, 17:13
Түркістан облысында прокуратура органдарына жаңа басшылар келді
Тағайындау • Бүгін, 17:12
Сайт арқылы танысқан ер адам теміртаулық келіншекті тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:00
1 ақпаннан бастап Қазақстанда қандай банкноттар қабылданбайды?
Қазақстан • Бүгін, 16:52
Қазақстанда ет қоры жеткілікті – АШМ
Қазақстан • Бүгін, 16:48
Қазақстанның Инженерлік әскерлерінің құрылғанына – 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:45
«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында кадрлық өзгерістер болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Қайырымдылыққа арналған қораптағы ақша қолды болды
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Ақтауда орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді
Білім • Бүгін, 16:28
Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Әйел басқарған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Ақан Сатаев парақорлар туралы бейнеролик түсірді
Кино • Бүгін, 16:12
Алматыда студенттерге арналған 1,7 мың орындық ғимарат салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 16:00
Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:58
Асқар Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
Аймақтар • Бүгін, 15:56
Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
Әлем • Бүгін, 15:47
Алаяқтық жолмен 80 миллион теңге алған күдікті әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елшісін "Достық" орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:37
ШҚО-да өткен жылы жемқорлық саны артқан
Қоғам • Бүгін, 15:35
Алматыда ағаш қоймасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 15:35
Қысқы туризм табыс көзіне айналып келеді
Туризм • Бүгін, 15:33
ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы қалай болды?
Қазақстан • Бүгін, 15:09
«Қазмұнайгаз» 2020 жылы қаржылық тұрақтылықты арттырды
Қазақстан • Бүгін, 15:07
Қарағандыда аквамәдениетті дамыту орталығы құрылады
Экология • Бүгін, 15:05
А.Балаева: Салалық журналистиканы дамытудағы маңызды кезең басталады
Қазақстан • Бүгін, 15:00
Алматы облысында эпидемиялық жағдай оңалмай тұр
Аймақтар • Бүгін, 14:45
Талдықорғанда қоғамдық көлік өртенді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Оралда діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Алматылық профессор: Коронавирус жұқтыру қаупін төмендету үшін иммундық профилактика қажет
Медицина • Бүгін, 14:12
Балалары ұрып соққан ана алимент өндіріп алатын болды
Қоғам • Бүгін, 13:54
Қазақстандықтар eGov.kz-ке кіре алмай жатыр
Технология • Бүгін, 13:45
Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
Әлем • Бүгін, 13:27
Испанияның Мадрид қаласында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 13:11
Ұлттық кино орталығына жаңа лауазым иелері тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:32
Азық-түлік өнімдерін сертификаттау саласын аккредиттеудің жаңа бағыттары қандай?
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Сирек кездесетін жағдай: Маңғыстауда екі айлық бала инсульт алды
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Иордания Корольдігі «AntikorNews» медиа-жобасына қызығушылық танытып отыр
Қазақстан • Бүгін, 12:08
«Nur Otan»: Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 12:06
Атырауда медициналық бетперде 15 теңгеден сатылатын болды
Медицина • Бүгін, 12:05
Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы қазақстандық жобаға қызығып отыр
Қазақстан • Бүгін, 12:05
«АntikorLive» - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-алаң
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Шетелден ПТР анықтамасыз 258 азамат келді
Қазақстан • Бүгін, 11:54
Атырауда есірткі сайттарына жарнама жасаған кім?
Технология • Бүгін, 11:50
Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
Қызылордада екі алаяқ әйел сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Экономика • Бүгін, 11:37
«Оқулық» РҒПО жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Қызылорда облысында 6 миллионға жуық дәрілік зат алынды
Аймақтар • Бүгін, 11:31
Полиция қар барысының терісімен түсірілген суретті тексеруді бастады
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Ұқсас жаңалықтар