Басылым • 15 Қазан, 2023
БАСҚА БАСЫЛЫМДАРДАН: Әлемнің рухани орталығы
Әлемнің рухани орталығына айналған Астана есігін айқара ашып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XX отырысын өткізді.
Денсаулық • 15 Қазан, 2023
Өңірдегі халықтың әлеуеті жақсы болуы үшін, медициналық көмектің керегі анық. Қазір Жетісуда осы бағытта ілгерілеу байқалады. Олай дейтініміз, жыл басынан бері бірнеше заманауи блокті-модульдік медициналық мекемелер ашылды. Бір қуанарлығы, бәрі де орталықтан шалғайда орналасқан ауыл-аймақтарда есігін ашты. Енді Жетісудың медициналық мекемелерінде үздік тәжірибе орталықтары ашылып жатыр.
Тұлға • 15 Қазан, 2023
Қазақтың жаңа дәуірдегі ұлы күйшілерінің бірі, Тәттімбет мектебінің озық өкілі Әбікен Хасеновтің өмір сүрген кезеңі «зар заман» емес, нағыз «кер заман» болды. Көзі тірісінде қолына домбыра ұстағанның алды саналған дара күйшінің өмірі де, шығармашылық тағдыры да әлі күнге дейін сыры ашылмаған сандықтай құпиясы көп. Әбікен туралы кімдер қалам тербемеді? Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Уәли Бекенов, Сәбит Мұқанов, Сапарғали Бегалин, Тәкен Әлімқұлов, Жүсіп Алтайбаев, Ақселеу Сейдімбек, Өмір Кәріп, Кәмел Жүністегі... Рас, күйтанымға, ғылымға берері ересен осынау құнды еңбектердің бәрінде оның асқақ тұлғасы, шалқар сазгерлігі, азаматтық мінезі жақсы суреттеледі.
Өнер • 15 Қазан, 2023
Зайсанда туып, Баянауылда түлеген, Ақкөл Жайылмадан айтыс аламанына ат қосып, қазақ айтысының «Солақай серісі», «Керекудің Исасы» атанған айтыскер ақын Серік Құсанбаев 60 жасқа толды. Өнер иесінің құрметіне Павлодарда «Ақиқаттың ақбозын алшаңдатқан» атты шығармашылық кеш өтті.
Театр • 15 Қазан, 2023
Шығармашылық дәстүрде қалыпқа түскен ескі дағдыны бұзып, қаңқасынан жаңа дүние жасап шығаруға әрекеттену – еркін ойлы бүлікшілерге тән мінез. Адамның арман-аңсарын жаныштап, шірітіп, шектеу мен тұйықтыққа апарып тірейтін қоғамның тұлға дамуын үнемі тежеп отыратынына келісе алмайтын бүлікшіл өзінің де, өзгенің де жеке шекарасын кеңейту арқылы сол қысымнан құтқарғысы келеді. Тар қапасты, ескі ереженің бәрін талқандап, тың тақырып тапқысы келгендегі мақсаты сол.