Қазақстан • 11 Қазан, 2017
Трансшекаралық су ресурстары Орталық Азия елдері үшін күрделі мәселеге айналды
Алдымен мына деректерге назар аударайық: Жер шарының 70 пайызы өзіміз күнде тұтынып немесе пайдаланып жүрген судан тұрады. Солай бола тұрса да, бүгінде әлем халқының 70 пайызы суға зәру. Бұл жағдай 2025 жылға қарай тіпті ушыға түспек. Алдағы 15-20 жылда осы су мәселелері жаһанда ең басты және өткір проблемаға айналуы мүмкін. Бұл Орталық Азиядағы бір-бірімен көршілес жатқан бес мемлекетке де қатысты.
Бүгінгі жастар легінің мінез қалыбы қатары сетіней бастаған аға ұрпақ өкілінен көп өзгешелеу. Арманшыл алып-ұшқан жаратылыстан гөрі ұстамды кейіптерінде өмірдің өтпелілігіне әлден-ақ бойлап үлгеріп, дүниенің мәнін терең түсінген сабырлы қариядай.
Жауапсыз сөз достыққа сына қаға алмайды
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың елдегі президенттік сайлауда өз кандидатын өткізу мақсатымен жауапсыз мәлімдемелер жасауы, соның ішінде басты қарсыласты қырғыз сайлаушыларына жағымсыз етіп көрсетуді көздеп, оны Қазақстанмен байланыстыруы – «сасқан үйректің артымен сүңгігені» секілді әсер қалдырып отыр.
Қазақстан • 11 Қазан, 2017
Хангелді Әбжанов: Әр дыбыс дербес таңбасын анықтады
Күні кеше ғана Ақордада латын әліпбиіне көшудің жай-жапсары егжей-тегжейлі айтылып, келешекте жасайтын қадамы қарастырылған басқосуда тіл төңірегіндегі мамандар Президентімізге байыппен жасалған тағы бір жобаны таныстырды. Көпшіліктің көңіл толмастығы мен ел наразылығының ескерілгені, Президентіміздің әр әріптің, әр дыбыстың тағдырын ойлап, жіті назар аударып, бақылап отырғанына жұрт куә болды.
Қазақстан • 11 Қазан, 2017
Оразақ Смағұл: Латын әрпімен хат таныған адаммын
Ақордада мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өткені белгілі. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты еліміздің көрнекті тұлғалары, ғылыми орта мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері өздерінің өзекжарды пікірлерін білдіруде. Олардың Президент бастамасына қызу қолдау жасап жатқанын жақсылық жоралғысына балағанымыз жөн. Біз бүгін газетімізде сондай соқталы ойлардың бір парасын оқырман назарына ұсынып отырмыз.