Аймақтар • 10 Қазан, 2017
Жарма ауданында Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды
Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана», деп жазған еді. Биыл міне сол ғұлама Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығы елімізде, оның ішінде қаламгердің туған топырағы Шығыс Қазақстанда кең көлемде аталып өтіп жатыр.
Қазақстан • 10 Қазан, 2017
Латын әліпбиі. Іргелі істе іркіліс болмасын
Қазағым «Көз қорқақ, қол батыр» деп мәтелдемейтін бе еді өзі?! Шыны да солай ғой. Латын әліпбиіне көшу мәселесі біраздан бері қозғалып келе жатқанымен айтылатын да қоятын. Енді, міне, шындап кірісу басталды. Қуантарлық, құптарлық жайт. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осы мәселеге орай тегеурінді қозғау салынып, ұтырлы іске айқын жол нұсқалынды. Алуан-алуан ұсыныстар, әртүрлі көзқарастар айтылып жатыр. Солай болуы заңды да.
Жаһандану жалынына шырмалған жастықтың балағына Батыстың балдыры оралып, адымын аштырмай әлек. Ересектің өзін есеңгірететін екпіні ерен, бос қалбырдай даңғырлаған музыкаға майдай еріп ентелегендердің бетін су сеуіп әзер бері қаратқанмен, дініміз бен дәстүрімізге кереғар дүбәра дүниелер – фильмдер, сериалдар, бейнеклиптер, басқа да қаптаған сүреңсіз әдет-дағды жасыл құрақты белінен үзіп, күш қолданбастан бағындырып жатыр, өрендеріміздің өресін улауда. Еуропаға еліктеймін деп өзінің ұлттық салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын қарадай жоғалтып алуда деген дабылымыз мыңның болмаса да онның құлағына жетсе екен деген үмітпен тағы да осы мәселеге қайта айналып соғуға мәжбүрміз.
Қазақстан • 10 Қазан, 2017
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген түйінді ой бар. Қоғамның, адамның, сананың жаңғыруы қай салада болсын – саяси-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, гуманитарлық-техникалық аспектілерде іске асса да, ұлттық болмысымыздан алыстаған сәтте болашаққа, сайып келгенде, тарихқа дақ түсіреді деп санаймыз. Бір қуанатынымыз, қазақтың өткенінде де, бүгінінде де рухани келбетіміз бен тамырымызды ең басты құндылық санайтын және дәріптеуге қызмет ететін жандар жетерлік.
Қазақстан • 10 Қазан, 2017
Көлеңкелі бизнеске жол берілмейді
Мейлі ірі, мейлі шағын болсын, қандай кәсіппен айналыссаңыз да барлық іс-әрекеттеріңіз заң талаптарына сай болғаны абзал. Өйткені көлеңкелі бизнеске ешқандай жол жоқ. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Консультациялық кеңес отырысында осы жайлы кеңінен айтылды.