Технология • 30 Қазан, 2020
Фрилансерлерге арналған акселератор
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Astana Hub және Қарағанды «Террикон алқабы» IT-хабымен бірлесіп, биыл 2 қарашадан бастап IT компаниялар мен фрилансерлер үшін акселерациялық бағдарламаны іске қосады.
Технология • 30 Қазан, 2020
Интернетпен қаншалықты қамтыламыз?
Қазақстанда 6 459 елді мекенде 18,7 млн халық тұрады. Оның ішінде 17,5 млн адам бүгінде интернетпен қамтылған. Саладағы соңғы деректерді жеткізген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көзделген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде айтып берді.
Қоғам • 30 Қазан, 2020
Таяуда The Creative Assembly компаниясы кезекті компьютерлік ойынын жариялады. Total War Saga: Troy деп аталатын бұл ойынды бір тәуліктің ішінде 7,5 миллион рет көшіріп алған. Әрине, бұған ежелгі грек мифтері, әйгілі Троя қаласындағы соғыс туралы аңыз-әңгімелер әсер еткені анық.
Қоғам • 30 Қазан, 2020
Басшылар біліктілігін арттырады
«Азаматтық бастамалар орталығы» Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «ҮЕҰ академиясы» ауқымды жобасын қолға алды. Бағдарлама аясында халықаралық сарапшылар қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларына арнайы оқу бағдарламасын дайындап, соған сай біліктілігін арттырмақ. Бұл Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының басшылары үшін қажетті құқықтық және басқарушылық білімдердің алғашқы жүйелендірілген курсы.
Сұхбат • 30 Қазан, 2020
Талғат Күзембаев: Абайдан аянып қалған кезім жоқ
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаевқа тағдыр талайы 10 жыл бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында Абай болып толғануды жазыпты. Жыл басында Босния және Герцеговина астанасында халықаралық «Сараево қысы» фестивалінің ашылуы аясында оның орындауында «Абай» операсынан ариялар шырқалды. Тарих беттерін парақтайтын болсақ, Мұхтар Әуезовтің либреттосына Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди бірігіп жазған атақты опера алғаш рет 1944 жылдың 24 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында қойылған. 1958 жылы қойылым қайта жазылып, жаңартылады. Бұл шығарма содан бері ешбір өзгеріс көрмепті. Бекзат еуропалықтардың «Абайдан» алған әсерлері туралы «Сол бір күндері өң мен түстің арасында қалықтап жүргендей күй кештім. Еуропадағы Абай күндері неміс композиторы Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдығымен тура келді. Бастысы, көрерменнің ықыласын көріп, маған жүктелген образды сәтті орындап шыққанымды жүрекпен сездім. Себебі өнерде шекара жоқ. Еуропа Абайды жүрекпен қабылдады» дейді опера әншісі.