Парламент • 29 Қазан, 2019
Сенатта мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі заң жобасы қаралды
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қазан, 2019
М. Мырзағалиев Ресейлік əріптестермен бірқатар кездесулер өткізді
Экология министрлігі басшысы Ресейге Орал өзенін кең көлемде бірлесе зерттеуді ұсынды. Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұма күні Мəскеу қаласына жұмыс сапары шеңберінде Ресейлік əріптестермен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қазан, 2019
Трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесі талқыланды
Бейжің қаласында (ҚХР) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссияның (бұдан әрі – Бірлескен комиссия) 17-отырысы өткізілді. Қазақстан делегациясын Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Громов басқарды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Теннис • 29 Қазан, 2019
Теннис: Әлемдік рейтинг жаңарды
Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңарды. Ерлер арасында көш басында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұрынғыша Сербияның саңлағы Новак Джокович алдына жан салмай келеді.
Аймақтар • 29 Қазан, 2019
Таразда граффит жазулар жойылып, наркосайттар бұғатталды
Қоғам үшін талап пен тәртіп маңызды. Жамбыл облысында «Рефлекс-2019» жедел алдын-алу бойынша облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері синтетикалық есірткіні тарататын тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.