Саясат • 30 Қазан, 2020
Волонтерлік қозғалыстың келешегі кемел
Қазақстан Президенті 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялаған болатын. Осы жылдың аясында елімізде талай іс-шараның атқарылғаны белгілі. Әсіресе коронавирус пандемиясы белең алған тұста волонтерлер қиындықты еңсеруге жан-жақты қолдау көрсетті. Елімізде волонтерлік қозғалыстың дамуы және болашағы жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Анапияұлы Тлеповпен сұхбаттасқан едік. Оқырман назарына осы сұхбатты ұсынып отырмыз.
Экономика • 30 Қазан, 2020
Пандемиядағы пікірталас платформасы импорттық азық-түлікке тәуелді екенімізді көрсетті
Жуырда ірі бизнес пен үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыра отырып, еліміздегі тұрақты даму мәселелерін талқылайтын «Орнықты даму мақсаттары және бизнес пікірталас платформасы» өз жұмысын бастады.
Таным • 30 Қазан, 2020
Бай-өлкеден Бийскіге барған керуен
Ежелгі көк түріктердің солтүстік шебі Таулы Алтайдың батыс сілемі Бие дариясының бойында орналасқан Бийск атты қала бар. Әкімшілік орталығы Алтай өлкесіне қарасты өндірісті аймақ. Елді мекеннің тағаны алғаш 1708 жылы бекініс ретінде қаланса, уақыт өте келе ресейлік саудагерлер Моңғолия, Қытай елдеріне, тіпті Үндістанға дейін тауар жөнелтетін маңызды нысанға айналды. Қазірдің өзінде Ресей Федерациясының Орталық Азияға шығатын сауда-саттық қақпасы іспеттес. Сонымен қатар қала Новосибирскіден басталып, шығысқа қарай Алтай жоталарын тіліп өтіп, Моңғолияға жалғасып жатқан Шүй жолының (Чуйский тракт) ең маңызды нүктесі. Сондықтан да болар қаланың шығыс жақ шығаберісінде атақты «Чуйский тракт» музейі орналасқан.
Оқиға • 30 Қазан, 2020
Зәу жүзінен төгілген азаттықтың алтын сәулесі түркі жұртымен тұтасып, Тұран даласының әрбір тасына мөрленгендей. Сол жұлдызды мөр қазанбұзарлығы жоқ халықтың қадіріне қазық болып қағылғанына, міне, 97 жыл. Бұл тамыры бір туысқан түрік халқының тауанды тұлғасы Ататүріктің жүрегіне тұмар болып тағылған арман еді. Ерлігінің ерен үлгісіндей ғасырлардан үзілмей жеткен елдігінің еншісі, өрлігінің белгісі. Оған Түркия Республика күніне орай ұйымдастырылған «Байрағы биік байтақ ел» атты жиында тағы бір рет көзіміз жетті.
Экономика • 30 Қазан, 2020
Тауар айналымына фискалдық бақылау әзірленеді
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында фискалдық бақылау тетігін енгізу мәселелері белсенді талқыланып жатыр.