Туризм • 09 Қазан, 2023
Қарқаралыда туризм қанат жая ма?
Біз мінген «Mersedez sprinter» көлігі Қарқаралыны бетке алды. Алматыдан, Астанадан келген туризм саласының майталмандары, турблогер мен осы тақырыпқа қалам тербеп жүрген журналистердің басы қосылып, жолға шықты. Әлбетте, жол қысқарады. Әңгімеміз ортақ. Еліміздің туристік әлеуетін айтамыз. Ал енді облыстың кәсіпкерлік басқармасы ұйымдастырған баспасөз турының мақсаты мынандай: Қарқаралы туризмінің әлеуетін арттыру үшін қандай қадамдар қажет? Нендей жетіспеушіліктер бар? Онымен қоса қасымыздағы туроператорлар арқылы туристер тарту. Қысқасы, аймақтағы туризмнің тамырына қан жүгірту.
Оқиға • 09 Қазан, 2023
Қарағандыда жасөспірім жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасаған
Қарағандының медициналық мекемелерінің бірінде 17 жастағы науқас 112 арнасына қоңырау шалып, қалалық ғимараттардың бірінде жарылғыш зат жасырылғаны туралы айтқан. Бұл туралы Polisia.kz сайтынан мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 09 Қазан, 2023
Қазан айының алғашқы аптасында Алматы қаласындағы Бухтарминская көшесі мен Құлжа трактісі қилысындағы 4 жолақты, тоннелді жолайрық толық ашылды.
Елорда • 09 Қазан, 2023
Астанада әр аптаның сенбі, жексенбі күндерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп келеді. Өткен демалыс күндері елордалықтарға Павлодар және Абай облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.
Футбол • 09 Қазан, 2023
«Тұран» мен «Елімай» – жоғарғы топта
Өткен демалыс күндері футболдан Бірінші лиганың 25-тур ойындары өтіп, ресми түрде жоғары топқа қосылған екі команда белгілі болды.