Саясат • 09 Қазан, 2024
Жауапкершілікпен атқарылған іс баянды
Еліміздің бірнеше өңірінде жылу беру маусымы басталды, жақын күндері оңтүстік облыстарда да жылу беріледі. Қыстың қамын жазда ойлаған жауапты мекемелер маңызды кезеңге дайындық тыңғылықты жүргенін айтады. Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының басталуы мен мемлекеттік орман қорын ұлғайту шараларына байланысты мәселелер қаралды.
Саясат • 09 Қазан, 2024
Парламенті Сенатының спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XXII отырысы аясында дін көшбасшыларымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Саясат • 09 Қазан, 2024
Қазақстан-Мажарстан: Парламентаралық серіктестік нығая түседі
Мажарстан мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвердің шақыруымен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат ресми сапармен Мажарстанға барды. Будапешт қаласында депутаттар Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен және Мажарстан мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Сондай-ақ Қарсақ қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Саясат • 09 Қазан, 2024
Рухани дипломатия – бейбітшілікке бастайтын жол
Кеше елордада Сенат спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Хатшылықтың XXII отырысы өтті. Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылған іс-шараға 19 елден келген дін қызметкерлері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Құрылыс • 09 Қазан, 2024
Жұмыс ырғағы үзілмеген құрылыс
Жаңаөзен қаласы тұрғындарын жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын ашу маңызды. Сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын өндіретін зауытты Жаңаөзеннен салу бір жағы жұмыссыздық мәселесін еңсеруге сеп болса, екіншіден мұнайлы қаладағы өндіріске қажетті жабдықтарды алыстан арбаламай, өз қаласы аумағынан алдыруға мүмкіндік береді.