Шаруашылық • 09 Қазан, 2024
Қазіргі кезде алтын бесік ауылда тұратын ағайынның кәсіп бастап, табыс табуына барлық жағдай қарастырылып жатқаны даусыз. Өңірдің ондаған ауылының тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген пайызбен несие рәсімдеп, төрт түлік мал өсіріп, ата кәсіпке ден қоя бастады.
Медицина • 09 Қазан, 2024
Тұрғындар сапалы медициналық көмекке зәру
Ақтөбе өңірінде денсаулық сақтау саласында қалыптасқан ахуал, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты алаңдатарлық жағдай көп. Тек осы жылдың тоғыз айы ішінде ана мен сәби өлімі көбейіп, қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны өскен.
Жоба • 09 Қазан, 2024
Жетісу жерінде медицина саласына арналған 60-қа тарта нысанның құрылысы басталды. Бұл ғимараттарды салу жұмысы алыс аудандардағы халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Оған қоса сол елді мекендерге маман тарту мәселесі де жүйеленіп келеді. Айталық, былтыр өңірге 76 маман келген. Олар мемлекет тарапынан 10 млн теңгеге дейін үстемеақы алған. Жалпы, кадр тапшылығын шешуге 595 млн теңге қаржы жұмсалған.
Поэзия • 09 Қазан, 2024
Мезгілдің тосын мінезін тосырқамай қарсы алып, жылдардың аптабы мен ақпанына қасқая қарап, даласынан даралық, тауынан даналық іздеген, тұтас ғұмырын кіндігімен байланған қазақ жұртының тағдырына түйіндеген тұғырлы тұлға, көрнекті ақын, қабырғалы қайраткер Нұрлан Оразалиннің өлеңбаяны мен өмірбаянының арасында көңілге көктемдей нұр құятын бір көзге көріне бермес, жібек жіптей есілген қасиетті байланыс бар. Оның тұтас шығармашылығын зерделесең, «аттың жалы, түйенің қомында» андағайлап атқа қонған батырлар, алмас тілді ақындар, сөз бастаған шешендер, қол бастаған көсемдер көз алдыңда елес беріп, жұлдызың жарқырап, жаның жадырап жүре береді.
Басылым • 09 Қазан, 2024
Қожа әзербайжан тілінде сөйледі
Тұтас буынға шапағын шашқан көрнекті жазушының құнды мұралары бүгіннен ертеңге бет алған алып кеме іспетті.