Тұлға • 05 Қазан, 2023
Өмірін ұлттық мүддеге арнаған көрнекті ғалым, күрескер жазушы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетханның 80 жылдығына орай өткен «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстанның жаңа тарихи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өнегелі өмір иесінің өз басынан ғана емес, жалпы тарих арнасының тағылымды тұстарын тарқатқан мазмұнымен ерекше сипатта өтті.
Руханият • 05 Қазан, 2023
Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай Өскеменде өткен «Неткен ғажап дүние!» атты очерк байқауының қорытындысы шықты. Жазушы атындағы кітапханада ұйымдастырылған дәстүрлі іс-шараға Орағаңның сырлас інілері Әлібек Асқар, Асқар Алтай, Нұртөре Жүсіп келіп, жылы естеліктерімен бөлісті, жүлдегерлерді құттықтады. Ертесінде жас қаламгерлер Шыңғыстайға аттанған...
Зерде • 05 Қазан, 2023
Батысқазақстандық дәстүрлі әнші, Мәдениет қайраткері Сағадат Рахметжанов бастаған шағын топ «Мұхит жүрген жолдармен» атты ғылыми тарихи сазды экспедицияға аттанды.
Тарих • 05 Қазан, 2023
Ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің «Мен жақсы мұғалімді дүниедегінің бәрінен де қымбат көремін» деген сөзінің өміршеңдігіне еш күмән болмасы анық. Неге десеңіз, жақсы мұғалім ғана білім мен тәрбиені терең ұштастыра отырып, түрлі ғылым негіздерін меңгерген, саналы, бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасып шығуына күш салады. Ыбырай бабамыз жоғары бағалаған жақсы мұғалім деп қандай маманды айтамыз, ол қандай болуы керек? Бұл сұрақтың жауабына Спандияр Көбеевтің ұстаздық жолына үңілгендер қанығады деп ойлаймыз. Педагог-жазушының «Орындалған арман» мемуарлық еңбегін мұқият зерделей отырып, осындай байламға келдік.
Мәдениет • 05 Қазан, 2023
Боралдайдың баурайы тұнған тарих
Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты ұлттық руханиятты қайта жаңғырту, тарихи тамырымызға оралу, жалпы адамзат өркениеті құндылықтарының аясына ену кезеңі келді. Халықтың өз тарихын танып білсем деген тілегіне жауап беретін уақыт межесіне жеттік. Мұны қазіргі заманғы ақпараттық өркениеттің әдіснамасы мен құндылықтары талаптарының деңгейінде, ақиқатты бұрмалаудан бойды аулақ сала отырып, жаңа мифтерге жол бермей іске асыру керек. Сонда ғана ата-бабаларымыздың рухани мұрасын игеру, тарихи сананы қалпына келтіру – еліміздің одан әрі гүлденуіне, қоғамымыздың рухани дамуына үлкен өріс ашады.