Қоғам • 04 Қазан, 2016
Ел қауіпсіздігі және этностық көш
Қазіргі кезде жер бетіндегі бүкіл адамзат қауымы жаңа ғасырға қадам басты. Бұл жаңа ғасыр бізге қандай жаңалықтар мен өзгерістер әкеледі? Осы тұрғыдан келгенде, ең алдымен бүгінгі таңда жер бетіндегі халық саны күн сайын барынша тез қарқынмен өсіп бара жатқанын атап өткен жөн. Яғни, көптеген мемлекеттің халқы өз жеріне сыймай, өзге елдерге заңды-заңсыз неше түрлі жолдармен ағыла көшуде. Бұл жағдай, басқаларды былай қойғанда, ең мықты деген Еуропа мемлекеттерінің өзінде неше түрлі қиындық туғызуда.