Заң • 08 Қазан, 2024
Балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған
ҚР Ішкі істер министрлігінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қазан, 2024
Қазақстан-Ресей шекарасында өрт шықты
Термалды нүктелерді мониторингілеу барысында ТЖ департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Жітіқара ауданымен шекараға жақын Ресей аумағында өрт ошағын тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пікір • 08 Қазан, 2024
Осыдан тура бір жыл бұрын Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елде АЭС құрылысын салу тек референдум арқылы ғана шешілетінін айтқанын ұмытқан жоқпыз. Биылғы Жолдаудан кейін көп талқысы болатын күн нақтыланып, ел соны елеңдей күтті.
Пікір • 08 Қазан, 2024
Тарихи шешімге үлес қосуды парыз санадық
Бұл референдумдағы өзгерістің бірі – саяси партиялардан байқаушы ретінде қатысу үшін аккредитациядан өту белгіленген. Шілде айында Орталық сайлау комиссиясы осындай бұйрық шығарыпты. Біз мұны білмей қалыппыз. Ал «Сайлау туралы» заң талабы бойынша партиялардан келген сайлаушылар аккредитациядан өтпейтін еді. Бірақ референдум алдында бұл ереже қапелімде өзгертілген. Сондықтан осы референдумның қалай өткеніне терең баға бере алмаймыз. Өйткені біз байқаушы ретінде оған қатыса алмадық.
Референдум 2024 • 08 Қазан, 2024
Қостанай облысының тұрғындары 720 референдум учаскесінде дауыс берді. Әр учаскенің басында «Amanat» партиясы мен «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының байқаушылары дауыс берудің заң аясында болуын қалт етпей қадағалап отырды. Бұл күні науқанға «Дауыс» коалициясының 1 440 байқаушысы атсалысқанын айта кету керек.