Қоғам • 12 Қазан, 2022
Елімізде жыл басынан бері 909 автокөлік ұрланып, оның 775-і табылған. Көлік ұрлығына кәсібиленген қылмыскерлердің жалғыз жүрмейтіні анық. ІІМ-нің дерегіне қарағанда, жыл басынан бері 19 қылмыстық топ құрықталған. Көбіне Toyota және Lexus маркалы автокөліктер ұрланады екен.
Аймақтар • 12 Қазан, 2022
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Ақсу қаласында айқын сезілуде. Шаһар әкімдігі және Eurasian Resources Group (ERG) бастамасымен қолға алынған «Tugan Qala» жобасының аясында жыл басынан бері қалада жаңадан 16 инфрақұрылым пайда болды. Оны жүзеге асыруға компания 80 млн теңге жұмсаған.
Қоғам • 12 Қазан, 2022
Жұмыс берушілер пікірі ескерілді
Қазақстандық колледждер 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлеп, жаңартты. Бағдарламаларды әзірлеу үшін еңбек нарығының қажеттіліктерін білетін жұмыс берушілер тартылды. Әсіресе жұмыс орнында белгілі бір мамандықты игеру үшін қандай дағдылар мен машықтар қажет екендігі туралы жұмыс берушілердің пікірі ерекше ескерілді.
Аймақтар • 12 Қазан, 2022
Атырау облысында бие байлап, саумал мен қымыз сапыруға бет бұрушылар қатары көбейді. Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында тұратын Талап Қажимов пен Зәмзагүл Жаңабаева бес жылдан бері саумал мен қымыз дайындауды отбасылық кәсіпке айналдырып отыр.
Қоғам • 12 Қазан, 2022
Баспанамен қамту – басты мәселе
Елімізде баспананы қолжетімді ету – Үкімет пен жергілікті әкімдік тарапынан жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспарлардың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Шымкент қаласына келген сапарында да осы тақырыпты қозғап, биыл 1 млн шаршы метрдей тұрғын үй пайдалануға берілетінін, соның нәтижесінде 9 мыңға жуық отбасы үйлі болатынын айтқан еді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықпен кездесуде тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдемеуі тиістігін, ең бастысы баспана қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы керегін айтып, бұл тұрғыда жергілікті әкімдік Үкіметпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек деген болатын.