Қоғам • 12 Қазан, 2022

Жұмыс берушілер пікірі ескерілді

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық колледждер 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлеп, жаңартты. Бағдарламаларды әзірлеу үшін еңбек нарығының қажеттіліктерін білетін жұмыс берушілер тартылды. Әсіресе жұмыс орнында белгілі бір мамандықты игеру үшін қандай дағдылар мен машықтар қажет екендігі туралы жұмыс берушілердің пікірі ерекше ескерілді.

Жұмыс берушілер пікірі ескерілді

Мысалы, «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС ұсынысымен «Ауыл шаруашы­лы­ғын механикаландыру» мамандығы бо­йын­ша білім беру бағдарламаларына ауыл шаруашылығы техникасының электрика, гидравлика, трансмиссия, нави­га­ция және отын жүйелері бөлімдерін оқыту қосылды.

«Барлық білім беру бағдарламасы МЖМБС және кәсіптік стандарттардың сәйкестігіне сараптамадан өтіп, әрі қарай Білім беру бағдарламаларының тізілі­мі­не енгізеді. Осылайша, білім беру бағ­дар­ла­маларын сараптау бүгінгі еңбек нары­ғының қажеттіліктеріне және талаптарына сәйкес келетін бағдарламаларды таңдауға мүмкіндік берді. Оқытудың мы­надай бағыттары бойынша білім беру бағ­дарламалары әзірленді: инженерлік, өңдеу және құрылыс технологиялары, білім беру, қызмет көрсету саласы, қар­жы және құқық, ақпараттық-комму­ни­­кациялық технологиялар (АКТ) және т.б. әзірленіп жатқан білім беру бағ­дар­­ламаларының өзектілігі мен са­па­­сын қамтамасыз ету үшін колледж­дер жанындағы Индустриялық кеңес­тер санын ұлғайту жөнінде шаралар қабылданды. Бұрын олардың саны 513 болса, қазір 578-ге жетіп отыр. Яғни білім беру бағдарламаларын әзірлеуге атсалысатын жұмыс берушілер саны көбейіп келеді», деді Оқу-ағарту министрлігі Тех­ни­калық және кәсіптік білім депар­та­мен­тінің директоры Насымжан Оспанова.