Қоғам • 11 Қазан, 2022
Асау толқындары аласұрған Каспий теңізінде жүзіп жаттыққан жігіт қиын сынақтан сүрінбей өтті.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
Атырауда Әнұран авторы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов атындағы «Елім менің!» көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 18-35 жас аралығындағы 13 үміткер қатысты.
Футбол • 11 Қазан, 2022
EURO-2024: Қай қарсылас қарымды?
Германияның Майндағы Франкфурт қаласында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Биыл Ұлттар лигасы турнирінде тәуір ойынымен жанкүйерлердің қошеметіне ие болған Қазақстан ұлттық құрамасы «H» тобында Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Мариномен Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салады. Екі жылдан кейін жалауы желбірейтін Кәрі құрлық біріншілігін Германия қабылдайды.
Қоғам • 11 Қазан, 2022
Әлеуметтік төлемдер санаулы минутта түседі
Енді әлеуметтік төлемдер онлайн режімде 1-2 минут ішінде төлем мақсаты бойынша түседі. Егер бұрын берешек болса және салық төлеушінің банктік шотына тыйым салынса, енді онлайн төлем түскен кезде келесі күні банктік шот ашылады.
Қоғам • 11 Қазан, 2022
Көмірді мобильді қосымша арқылы сатып алады
Алматы қаласының тұрғындары қатты отынды Halyk Homebank қосымшасы арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие. Жаңа пилоттық жобаға бұған дейін Қостанай облысы қосылса, аптаның соңына дейін Павлодар облысы да қосылады.