Пікір • 11 Қазан, 2022
Соңғы жылдары елімізде көптеген тың бастама, нақты ұсыныстар ортаға тасталып жатыр. Мұның бәрі Әділетті Қазақстан құру бағытындағы реформаны айғақтайды. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформалардың жалғасы ретінде биыл Президент сайлауын, келесі жылы Парламент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы ұсыныс жасады.
Саясат • 11 Қазан, 2022
Партиялық емес байқау орталығының Республикалық штабының төрағасы Төлеген Қүнәділов Алматы облысы бойынша филиалдың өңірлік үйлестірушілерімен және өңірдің азаматтық секторының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында штаб төрағасы Орталықтың және оның өңірлік өкілдіктерінің алдағы президент сайлауындағы, ең алдымен, қазақстандықтардың сайлау құқықтарын сақтауға бағытталған басты міндетін атап өтті.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
Екібастұз қаласында ірі металлургиялық кластердің негізі салынды. Болашақ өндіріс аумағында алғашқы зауыттың іргетасы қаланып, құрылысқа ресми түрде рұқсат берілді. Келешекте онда шығарылатын дайын өнімдер алыс және жақын шетелдерге экспортталмақ. Кәсіпорын аумағында шамамен 3 мың жұмыс орны құрылады.
Қазақстан • 11 Қазан, 2022
Биылдан бастап Республика күні ұлттық мерекеге айналды. Күнтізбеден 25 қазан көзге оттай басылып, азаттықтың лебі ескендей сезілетін. Иә, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы қабылданып, бұл құжат ел тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды.
Үкімет • 10 Қазан, 2022
Мәжілісте «Ауылдық денсаулық сақтау: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша қандай шаралар қабылданып жатқаны егжей-тегжей талқыланды.